Қызылордалық теміжолшылар әріптестерін салтанатты түрде зейнет демалысына шығарып салды

Аймақтар
04.01.2024, 11:09
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясының теміржолшылары тауар конторының басшысы Гүлнар Мұсаеваны зейнет демалысына шығарып салды. Салтанатты шарада станция басшысының орынбасарлары Алмас Ұзақбаев пен Әмірбек Матжанов, аға жүк қабылдап-тапсырушы Тұмар Әлібаева, Жарас Утебалиев, кассир Фарида Кеңесбаевалармен бірге өзге де әріптестері қатысып, ізгі тілектерін арнады.

«ҚТЖ-ЖТ» серіктестігі «ГП-Қызылорда» бөлімі директоры Батырхан Базарбаев пен кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Көпірбаевтың атынан әзірленген адресатты кәсіподақ төрағасы Мұхтар Өмірзақұлы әріптесінің осы уақытқа дейін станцияның өндірістік жұмысын нығайтуға қосқан үлесіне шолу жасап, басшылықтың рахметін білдіріп сыйлық табыстады.

«Станция теміржолшылары өз ісінің шебері, білікті басшы бола білген Гүлнар апамызды салтанатты түрде зейнет демалысына шығарып салудамыз. Ол кісі кәсіби маман ретінде ұжымдағыларға тәлімгер ұстаз секілді білмегендерге үйретіп тәжірибелі теміржолшы болудың жолын көрсете білгендіктен әріптестерінің алдында сыйлы, абыройлы болды. Алдағы уақытта да Гүлнар апамыздың ұстанымын, тәжірибесін пайдаланып сол кісі секілді зейнеткерлеріміз салған жолды жаңғыртатын боламыз»,-деді станция бастығының орынбасары Алмас Ұзақбаев.

Сонымен станция есебіндегі зейнеткерлер саны бір зейнеткерге көбейді... Әріптестеріне арнаған сыйлықтарын ұсынған станциялықтар, барлығы кезек-кезегімен ақжарма тілектерін айтып, Гүлнар апа секілді біз де осы жерден зейнет жасына жетіп, демалысқа шығу мұратына қауышсақ деп ақ пейілдерін білдірумен қатар әріптестердің бірін-бірі алдағы келе жатқан жаңа жыл мерекесіне де игі тілектерін арнауына жалғасты. Су жаңа зейнеткермен естелік суретке түсті.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды