Қауіпті жерлерге кезекшілік қойылды

Аймақтар
15.01.2024, 13:49
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желісі аумағында теміржол бойын қардан тазалау жұмыстарына 56 техника жұмылдырылды. Аймақта штаб құрылып, таулы жерлердегі қауіпті учаскелерге кезекшілік қойылды.  

Штаб қысқы жағдайда пойыздардың қауіпсіздігін және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету жұмыстарын бақылап, ауа райының күрт құбылуына байланысты тәулік бойы жұмыс істеуде.    

– Қарлы боран жиі соғатын аумақтарда техникалар үздіксіз жұмыс істеп тұр. Жалпы, бөлімшеде қар тазалау жұмыстарына 56 техника жұмылдырылған.  Оның ішінде 16 қар тазалайтын және 37 қар жинайтын техника, 3 ротор бар. Қазіргі уақытта қауіпті деген Әйтеке би – Никельтау, Никельтау – Қандыағаш және Жем-Шалқар жолының таулы учаскелері тұрақты бақылауда. Бағыттамалы бұрмаларды қардан тазалау жұмыстары да тиімді ұйымдастырылған, – дейді магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзин.

Сонымен қатар көптеген учаскелерде қар ұстау үшін қардан қорғайтын қалқандар да әжептеуір сеп болып тұр. Қар тазалау жұмыстары кезінде теміржолшыларға ашық ауада төмен температурада жұмыс істеу үшін арнайы киім және басқа да жеке қорғаныс құралдары таратылған.  

– Биыл қалың қар жауған жоқ. Бірақ ұйытқыған боран мен аяз қатты болып тұр. Темір жол бойына кезекшілік қойылып, жолдар үздіксіз тазартылуда. Техниканың барлығы жарамды. Станцияларда қар тазарту және жинау технологиясы қатаң сақталуда, – деді Ақтөбе магистральдық желі жол бөлімшесінің жетекші инженері Гариб Азыров.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды