Атырау ЖТ қосалқы бөлімшесі жылды табысты аяқтады

Аймақтар
22.01.2024, 10:06
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жыл Атырау ЖТ қосалқы бөлімшесі бойынша қанағаттанарлық жағдайда қорытындыланды. Бөлімше бастығы Аслан Базарғалиевтің мәліметінше, 2023 жылдың он екі айында негізгі 15 көрсеткіштің 13-і орындалған. Бүгінгі жағдайда бұл жаман көрсеткіш емес.  

Ең алдымен ауызға алынар қозғалыс қауіпсіздігіне келсек, екі оқиға орын алған. Екі жағдайда да маневр кезінде вагон доңғалағы рельстен шығып кеткен. Яғни дайын емес маршрутпен маневр жасау және локомотив бригадаларының кемшілігінен болған жағдай. Сол секілді өндірістік жарақат алудың 2 жағдайы орын алған: бірінде жұмысшының аяғы тайып құласа, екіншісінде ит қапқан. Орын алған оқиғаларға қарамастан пайдаланым жүк айналымы ойдағыдай орындалған.    

Жүк айналымы техникалық жоспар бойынша 9787,7 млнткмнетто болып Қиғаш бағытынан келетін тиелген вагондар санының азаюына байланысты 96,1 пайызға орындалған. Есесіне жүк тиеу көлемі 12385,2 мың тоннаны құрап, жоспар 105,6 пайызға орындалыпты. Ал вагондар айналымы тәулігіне 2,61 вагонды құрап, орындалуы 106,1 пайызға жеткен. Жүк тиеу 651,3 мың тоннаға артып, техникалық жоспар бойынша 103,9% болған.  

Жоспар бойынша екі көрсеткіш төмен: пайдаланым жүк айналымы 96,1%, тиелген жүк пойызының орташа салмағы 99,1 %. Оның өз себептері бар. Алдымен оған орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюы себеп. Орташа учаскелік және техникалық жылдамдықтың кемуіне жинақтайтын, шығаратын пойыздардың көбеюі, Атырау-Қиғаш учаскесінде сағатына 40 км-ге жылдамдықты шектеу, технологиялық «толаскездің» берілуі, жолда малдың жүруіне байланысты локомотивті шұғыл тежеу, метеорологиялық жағдайлар – қар мен жауынның көп болуы әсер еткен. Атырау – Қиғаш учаскесінде сағатына 40 км-ге жылдамдықты шектеуге 5529 ескерту берілсе, жолды күрделі жөндеуге және ПЧ, ШЧ, ЭЧ мекемелерінің жолдағы жоспарлы жұмыстарына  байланысты барлығы 1026 технологиялық «толаскез» берілуі де жылдамдықты азайтуға себеп болған.    

Аймақтағы мұнай өндіруші ірі компания – «Теңізшевройл» Құлсары станциясы бойынша пропан, бутан, химикатты тиеуден бас тартуы, «Батыстрансгрупп» ЖШС Теңдік станциясы бойынша мазут, кокс, ксилол тиеуді дайын өнімнің болмауы себепті шектеуі, Украинаға қандай да бір жүкті жөнелтуге және Новороссийск-Солтүстік кавказ темір жолына мұнай өнімдерін жіберуге тоқтам қою тасымал көлемін кемітті. Сонымен қатар Құлсары, Сағыз, Қиғаш станциялары бойынша да жүк вагондарының келуі кеміп, вагон жүрісінің азаюына әкеліп соқты. Ресей-Украина арасындағы қақтығыс еларалық экономикалық қарым-қатынасқа да ықпалын тигізді. Соның әсерінен, экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемі, құрылыс материалдары мен халық тұтынатын, басқа да тауарлар тасымалы да қалыпты деңгейді тұрақтай алмағанын айта кеткен жөн. Соның ішінде ресурсұстаушылардан қара мұнай өнімдеріне деген тапсырыс бұрынғыға қарағанда төмен болғанын көреміз. Оған нарықтағы ауқымды дағдарыс, мұнай бағасының тұрақсыздығы, өнімнің болмауы және сатып алушылардың төлемқабілетсіздігі де себеп. Айта кетерлігі, әлемдік нарықта бағалардың құбылмалылығына қарамастан, Қазақстанда теміржол тасымалында тариф өскен жоқ.  

Жергілікті вагондар айналымы бойынша «Лянкяран Йол Тикинти»  ААҚ, «СП Сине Мидас Строй» ЖШС, «ФАО АНТ Иншат маден» ЖШС-на келген шебіннің Ганюшкино, Аққыстау, Махамбет станцияларында қатып қалуына байланысты уақыт алып, жүк операциялары уақытында жасалмады. Сол секілді бұрынғы кедергілер де сақталып отыр, яғни кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерді күту, жүк түсіру орнының бос болмауы, жүктің қатып қалуы, жұмыс күшінің болмауы, бір уақытта бірнеше пойыздың келуі, т.б. себептер де бар.  

Соған қарамастан өткен жылы табыс көлемі жақсы болды. Аймақтағы негізгі өндіріс ошақтарының қызметі мұнай өндірісімен байланысты болғандықтан, пойызбен тасымалданатын жүк түрлері де негізінен мұнай өнімдері. Соған сәйкес кіріс те тасымал көлеміне байланысты болады. Нәтижесінде негізгі қызмет түрі – жүк тасымалынан түскен табыс көлемі Атырау қосалқы бөлімшесі бойынша 2023 жылғы 12 айда 64 млрд 256 млн 653 мың 122 теңгені құраған. Бұл өткен жылғыдан 25 млрдқа артық.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды