Қызылорда станциясында былтыр 300 мың тоннаға жуық жүк тиелді

Аймақтар
29.01.2024, 13:00
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясының ұжымы өткен жылды табысты қорытындылап,  өндірістік жұмыс көрсеткіштері жоспарын 100,7-142,2 пайыз аралығында асыра орындады.  

Теміржолшылар тарапынан өндірістік маневрлік, пойыздық жұмыстар кезінде жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына себеп болатын тосын жағдайларға орын берілмеген. Кәсіби міндетіне берік, жұмыстарын бес саусағындай білетінін әріптестерінің өткен жылы жасаған еңбектеріне жоғары баға берген станция бастығы Қайрат Төрединов осы жылға да жағымды болжам жасады.  

– Тек қана жүк тиеудің белгіленген 203 633 тонна жоспары өткен жылы 289 523 тоннаға жеткізіліп, меже 142,2 пайызға жеткізілді. Жоспардың жоғары деңгейде орындалуы тапсырыс берушілермен ортақ мәміле, тиянақты жұмыстың нәтижесі, сонымен қатар ұжымның жанкешті еңбегінің арқасы, – дейді Қайрат Төрединов.

Станция бастығы пойыз құрастырушы Алтынбек Серікұлы, маневр диспетчері Арман Қоңырбаев, станция кезекшісі Дархан Доскеевтің еңбегін ерекше атап өтуді сұрады. Жүк пойыздары вагондарының құжаттарын рәсімдеп реттеуде тауар кассирі Жарқынай Тастыбаева, жүк қабылдап-тапсырушы Апипа Ерешова және аға жүк қабылдап-тапсыршы Гала Утехинаның шапшаңдығы, сауаттылығы мен көп жылғы тәжірибесі де станция жұмысының табысын арттыра түседі деп санайды станция жетекшісі.    

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды