Жаңадан құрылған Абай облысында маман тапшылығы сезілуде

Аймақтар
12.02.2024, 14:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жаңадан құрылған Абай облысы бойынша өндірістік салада, соның ішінде көлік-логистика саласында жұмыс күші жетіспейді. Мамандардың қажеттілігі теміржол бойында да мейлінше айқын сезілуде әрі алдағы уақытта бұл тапшылық  арта түспек.  

Мәселен, қазіргі таңда электронды еңбек биржасында көлік және логистика саласы бойынша 75 тұрақты түрдегі жұмыс орны бос тұр екен. Бұл бір есептен аталмыш сала бойынша өңірдегі жұмыстардың жандана түскендігінің де айғағы.

Ал, теміржол саласы бойынша, әсіресе жол шаруашылығына түрлі мамандар қажет. Семей магистральдық желі бөлімшесі мәселен, теміржолдар, жол құрылыстары, көпірлер мен көлік туннельдері құрылысы бойынша мамандығы бойынша жоғарғы техникалық білімі бар, өндірістегі жұмыс өтілі бір жылдан кем емес мамандар іздеуде. Сол тәрізді бүгінде бөлімше бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жол жөндеу жұмыстарын, жол және қар тазалау машиналарының жұмысын басқаратын білікті мамандар да қажет болып отыр. Яғни, жол шеберлеріне сұраныс жоғары болып тұр. Мұндай мамандардың қажеттілігі әсіресе Өскемен, Күмістау, Аягөз жол дистанцияларында туындауда.

Шығыстағы теміржол саласында қызмет ететін жаңа толқынның 30 пайыздан астамы жастар. Яғни, еңбек нарығында жастардың үлес салмағы басым түсуде.  Оған бір себеп, соңғы жылдары арнаулы орта білім беретін технологиялық оқу орындарының теміржол саласына да мамандар даярлауды қолға алуы болып отыр. Әйтседе, дербес облыс болып қайта құрылған өңірдегі өндіріс көлемінің ұлғаюы, жаңа кәсіпорындардың ашылуы  мамандарға деген қажеттілікті арттырып отыр.  Сонымен қатар, Бақты – Аягөз құрылысының басталуына байланысты алдағы жылдары бұл сұраныстар арта түсетіні анық.    

– Болжам бойынша жаңа магистраль құрылысы 1700-ден астам адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтитын болады. Жүктерді түсіру-тиеу бекеттерін ашу да жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Ал, алып құрылыс барысында желі бойында 11 станция, 16 бақылау құрылыстары салынатынын ескерсек, теміржолшы мамандығына деген қажеттілік тіптен жоғарылайды, – дейді бұл орайда пікір білдірген бөлімшенің кадр мамандары.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды