Ақтөбелік теміржолшылар төтенше жағдайға төтеп берді (Фото)

Аймақтар
15.02.2024, 10:21
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Өткен апта Ақтөбе облысының Хромтау ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бірнеше күн үздіксіз ұйтқыған боран мен қалың қар күре жолдағы барлық байланысты үзді. Сұрапыл дауылда күшейтілген режимде жұмыс істеген жергілікті теміржолшылар ерлікке пара-пар еңбек үлгісін танытты.

Жолда қалған адамдар мен автокөліктерді қар құрсауынан шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция мен әскерилер жұмылдырылды.Төтенше табиғи жағдайдың эпицентрі болған Хромтау, Никельтау және Сарысай станцияларында теміржолшылар тәулік бойы тілсіз жаумен арпалысты.      

 

Жолшылар үшін бұл күндер нағыз сын сағат болғаны анық. Әйтеке би станциясынан Никельтау, Жазық станцияларына дейін теміржол бойын тазартып, жалпы 307 км бойын, одан бөлек 68 км  станциялық жолдарды қардан аршып, осы аралықтағы пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете білген аймақтеміржолшыларының еңбегі қандай марапатқа да лайық.   

– Ең бірінші міндетіміз теміржолда пойыздар қозғалысын тоқтатпау болды.  Басқа бірде-бір көлік қозғалыс жоқ,  жарық, интернет, телефон байланысы түгел болмай қалды. Әсіресе циклон қатты болған жоғарыда аталған үш станция аралығына  адам мен техника күшін  төктік. Айтуға оңай, сол бір сұрапыл дауылда ашық далада жұмыс істеу тұрмақ, сыртқа шығудың өзі қиын болды. Біздің жолшылар станциялық жолдарды тазартып, күндіз-түні тәулік бойы жұмыс істеді. Техникадан бес СДПМ және СТРУГ техникалары үздіксіз қар тазалаумен болды. Алты техника теміржолдың қарын тазартса, бір техника қар жинауға жұмылдырылды. Қосымша Қандыағаш жол дистанциясынан РОТОР техникасын алдырып, ол да іске қосылды. Қазір тазалаған жолды әп-сәтте ұйтқыған жел қайта жауып тастап жатты. Үш-төрт тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеген аймақ теміржолшыларының ерен еңбегіне баға жетпейді, мен өз әріптестеріме ризамын және мақтан етемін. Төтенше жағдайға төтеп беріп,  барлық құрамды аман-есен өткіздік, жолаушылар пойызы да өтті, біз үшін бұл үлкен сынақ болды, – деді Никельтау жол дистанциясының бастығы Қайрат Танабергенов. 

Дистанция бастығының мәлімдеуінше, боранды күндері Никельтау жол дистанциясынан 200-ден аса адам жол бойын тазартуға жұмылдырылған.  Сонымен қатар Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінен екі вагонмен көмекке адамдар келіп, олар да табиғи сипаттағы төтенше жағдайда апаттың алдын алуға атсалысқан.     

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды