1 наурыз – Алғыс айту күні

Аймақтар
01.03.2024, 08:24
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері Жамбыл локомотив пайдалану депосына барып, теміржолшылармен кездесті.

Танымдық іс-шараның мақсаты түрлі ұлт өкілдері еңбек етіп жүрген саланың тыныс-тіршілігімен танысу екен. Локомотив депосында бүгінде онға жуық түрлі этнос өкілі ауызбіршілікпен еңбек етуде. «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің басшысы Бибігүл Утепова Нұрболат Нұрсейітов басқаратын Жамбыл локомотив депосы қызметкерлерінің мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, бір атаның баласындай ауызбіршілікте жұмыс істеп, тапсырмаларды тиянақты атқарып жатқанын жеткізді.  

– Депо бастығы бізді цех жұмысымен таныстырды. Техникалық бақылаулардың қалай жүргізілетінін көріп, мұндағы мамандардың біліктілікті арттыру мәселелері қалай шешім тауып жатқанын білдік. Ортақ міндет пен жауапкершілікті жақсы сезінетін неміс, кәріс, украин, қырғыз, түрік, орыс, өзбек, дүнген, тағы да басқа этностардың өкілдерінен құралған ұжым тұрақты жұмыспен қамтып отырған компанияның басшыларына алғыстарын айтуда. Татулығы мен бірлігі жарасып, ауыр жұмысты еңсеріп отырған жұмысшылар өз міндеттерін адал атқарып жүр, – дейді бас сарапшы.  

Деподағы әр жұмыс күні теміржолшылардың денсаулық жағдайын бақылаудан басталады. Мұндағы медициналық пункт заманауи құрылғылармен жабдықталған. Ол құрылғымен жұмысшының қан қысымы, тамыр соғысы және алкагольдік ішімдік ішіп-ішпегені тексеріледі.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды