Қалтқысыз қызметте қырық қыз

Аймақтар
06.03.2024, 17:33
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясы (ШЧ-39) – компанияның жетекші кәсіпорындарының бірі. Бірнеше рет үздік ұжым деп танылып, құрметке де бөленді. Ал осы жетістіктердің түгелінде ерлермен иық тіресе жұмыс істеп жүрген қырық қыздың еңбегі шаш-етектен.

Дистанцияның жөндеу-технологиялық учаскесінің цехында Гүлжауһар Кенжеғұлова, Мария Құрманбаева, Клара Қаналиева, Гүлнар Жүсіпбек, Қаршыға Оразова сынды кәсібилігі шыңдалған білгір мамандар жұмыс істейді. Бұл – кәсіпорынның ең күрделі цехтарының бірі, мұнда HATS релесінің маңызды элементтерін реттеуді тексеру жұмыстары атқарылады. Жұмыстың күрделілігіне қарамастан учаске қыздары өз қызметтеріне әбден машықтанып алған.  

Қызметкерлердің 90 пайызын әйелдер құрайтын техникалық құжаттама тобының цехы схемалық шешімдерді әзірлеу және жаңа технологияларды енгізу шаруасымен айналысады. Өндірістік технологиялардың құжаттамаларын реттеу ыждағаттылықты, біліктілікті, аса дәлдікті қажет етеді. Міне, осы қасиеттерді бойына сіңіре білген Айқын Абылбекова, Ақмарал Қалиева, Жанна Абдуаитова, Нұргүл Нагиметова, Райхан Жақсылықова, Тұрсынгүл Қойбағарова сынды арулар  ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келеді.

Қыз-келіншектердің белсенді жұмыс істейтін келесі цехы – жедел байланыс және радиобайланыспен қамтамасыз ету бөлімшесі. Дистанцияда байланыс және радиобайланыспен үздіксіз қамтамасыз ету ұжымның жұмысына берілетін баға іспеттес. Сондықтан бұл цехта Гауһар Уалиева, Раушан Сүлейменова, Әсем Қосатбаева, Шолпан Мақанова, Перизат Оспанова, Айнұр Елеуова, Зағипа Спанова, Айша Ерденова, Ақтолқын Раушанбек, Сәбира Алдабергенова, Сағида Керімбекова,  Айнұр Есенғараева сияқты кіл бесаспап мамандардың жұмыс істеуі орынды. Кәсіпорынның ең қиын учаскелерінде Айқан Алтаева, Рашида Минамутдинова, Гүлшат Бердиярова, Гүлшат Сатмаханова, Құралай Байғабулова еңбек көрігін қыздыруда. Олардың еңбектері пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Ал Жанар Есенғараева, Жібек Сәрсенбаева, Перуза Әуенесова, Татьяна Голенко, Лаура Алмасбаева, Айман Бекішева, Шолпан Арқабаева сынды қыз-келіншектер компанияның еншілес кәсіпорындарымен және бөлімшелерімен байланысты қамтамасыз ету ісімен айналысады. Олардың жұмысы байқала бермейді, бірақ қашықтықты бағалау олардың жұмысына байланысты.  

– Біздің ұжымның 20 пайызын құрайтын қыз-келіншектер дистанцияның табысты дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Біздің кәсіпорынның ерекшелігі, теміржол автоматикасы, телемеханика және байланыс құрылғылары өте ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан олардың ақаусыз және үздіксіз жұмыс істеуі мамандардың өз ісін шебер меңгергеніне байланысты. Осы ретте біздің қыз-келіншектеріміз – шеберлігі шыңдалған мамандар. Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді өндірістік бөлім басшысы, құрметті теміржолшы Нұрлан Жәнібеков.

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды