Күзеттің қос диспетчері

Аймақтар
07.03.2024, 12:39
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қай саланы болсын әйелсіз елестету мүмкін емес. Тіпті темір жолдағы әскерилендірген күзет қызметінде де қыз-келіншектер бар. Кейіпкерлеріміз Балзия мен Райгүл «ӘТЖК» ЖШС Ақтөбе филиалында жұмыс істейді.  

Еуропа мен Азия қақпасындағы қырағылық пен шапшаңдықты меңгерген жауынгерлердің жұмысын ұйымдастырып отырған диспетчер қыздардың қозғалысы ширақ. Шекаралық өткелдің үш мемлекетаралық станциясын бақылап отырған арулар күн сайын жүздеген қоңырауға жауап береді.

Балзия Даниярова тәжірибелі диспетчер. Еңбек жолын ол Ақтөбе станциясында бұрмаларды бұрып, оператор болып бастаған. Кейін әскерилендірілген күзет қызметіне диспетчер болып орналасады. Осы қызметте жұмыс істеп жатқанына 33 жыл болыпты.  

«Міндетіміз – жүк тиелген вагондардың қауіпсіздігіне жауап беру. Темір жол бойындағы әрбір оқиғаны бақылауға аламыз. Стратегиялық нысандарды қорғау тәртібі бар. Әр ақпаратқа шұғыл жауап берілу керек. Әрі қарай мобильдік топтар арқылы ақпарат жиналады. Оқиға туралы мәлімет аға күзетшілер арқылы бізге беріледі. Біз олардың ақпаратын жинап, орталыққа хабарлаймыз», –  дейді ол.  

Мекеменің диспетчер қызметінде жүрген бұрымдылардың бірі – Райгүл Жетімекова. Оның еңбек өтілі 17 жыл. Ақтөбедегі теміржол техникумын бітіріпті. Ақтөбедегі әскерилендірілген күзет қызметінде 2006 жылдан бері диспетчер. Ол теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Жолдасы да теміржолшы екен.  

«Жедел топ өкілдері, күзетшілермен жұмыс істейміз. 24 сағат бойы үздіксіз қоңыраулар қабылдаймыз. Әр қоңырау маңызды. Жауапкершілік  жоғары. Жедел хабарлап отыруымыз керек. Шұғыл әрекеттер жасаймыз», – деді күзет қызметіндегі Райгүл Жетімекова.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды