Мамандығы – мақтанышы

Аймақтар
08.03.2024, 12:44
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Адал еңбегі үшін» медалінің және «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері Айсәуле Әбдіғалиева ұжымында беделді, әріптестеріне сыйлы жан. Ол еңбек жолын сонау сексенінші жылдары Мақат техникалық қызмет көрсету пунктінде букске май құю слесарі болып бастаған екен.

Кейін вагон операторы, вагон қараушы болып қызметтерін ауыстырады. Өндірісте шыңдала жүріп, ол білімін ұштауды жөн көреді. 1985 жылы Алматы теміржол техникумына сырттай оқуға түсіп, оны ойдағыдай бітіреді. Он жылдың үстінде вагон қараушы қызметін мүлтіксіз атқарады. Жалпы, станцияға тәулігіне ондаған вагондар келеді. Вагон қараушылар ақауларды тапқаннан кейін техникалық күтім не қызмет көрсету пунктіне жібереді. Ал слесарь, дәнекерлеуші, краншылардан құралған бригада кешенді жөндеу жұмыстарына кірісіп кетеді. Енді ол вагондардың жолға шығу жарамдылығын да қадағалау қажет. Техник, аға вагон қараушы, кейін вагон шебері, эксплуатация инженері болып жүргенінде де Айсауле осы процестердің бәрін жіті қадағалап, ісіне адал болуға тырысады. Ақырында өндірісте жиналған мол тәжірибе, біліктілік пен білім үйлесімділігі, адамдармен жұмыс жасай білу қабілеті оны депоның еңбек қорғау саласында қызмет етуіне алып келеді. Күні бүгінге дейін осы салада абыройлы еңбек етіп жүр. Білімін шыңдауды мақсат еткен ол 2006 жылы Алматы көлік академиясын да бітіріп шығады.  

«Айсәуле Нысанқызы кәсіби білімі терең, біліктілігі жоғары маман. Өз жұмысына адал, ісіне тыңғылықты, қандай жұмысты да үлкен жауапкершілікпен атқарады. Еңбек қорғау саласында жұмысшыларға қажетті шаралардың бәрін толыққанды іске асырып, тиісті жағдай жасауға барын салып жүргені», – дейді депоның бас инженері Рашид Мұсабаев.  

Айсауле Әбдіғалиева отбасында да сүйікті жар, бақытты ана. Жолдасы Нұрасыл Құмарұлы да теміржолшы. Екеуі Ақмарал, Әсел, Орынгүл атты үш қыз өсіріп, тәрбиеледі. Олардың үшеуі де бүгінде жоғары білімді математик, экономист, шет тілі мамандары. Өмірде өз жолдарын тауып, қоғамға адал қызмет етіп жүрген жастар. «Мен үшін мамандығым – мақтанышым, отбасым – бақытым» дейді Айсәуле Нысанқызы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды