Достық станциясында «Қыз сыны» байқауы өтті

Аймақтар
28.03.2024, 12:35
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Достық станциясында Наурыз мерекесі қарсаңында «Қыз сыны» байқауы өтті. Оған станцияда еңбек ететін бұрымдылар қатысып, бақ сынасты. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Қатысушы арулар алдымен өздерін видео арқылы таныстырып өтіп, «Талаптыға нұр жауар» атауымен екінші кезеңде 10 сұраққа жауап берді. Одан әрі «Өнер тамған он саусақ» кезеңінде бойындағы өнерлерін ортаға салды. Соңғы кезеңде ұлттық киімнің сан үлгілері бойынша киініп, көшпенділер мәдениетінің сән салтанатын паш етті. Қазақтың үкілі бөрік, қынама бешпентінің алуан түрін сахнаға шығарған арулар көпшіліктің қошеметіне бөленді. Олардың қатарында жүк қабылдап тапсырушы қыздар – Алина Сүлейменова әдемі даусымен әуелете ән салса, Ұлжан Берікболова мың бұралған биімен таң қалдырды.  Ал тауар кассирлері – Ақмейір Мұхатаева қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі – сырға салу салтын көрсетіп, Ақмарал Жеңісова нәшіне келтіріп монолог оқыды. Айтолқын Қадырғажы да ән салып, өз өнерін ортаға салды.  

Сайыс нәтижесінде байқаудың жеңімпазы атанған арулар марапатқа ие болды.   Жалпы, Достық станциясының кәсіподақ комитетінің демеушілігімен тек жеңімпаздар емес, барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтар мен сертификаттарға ие болып,  Алғыс хат алды. Теміржол саласында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысып жүрген аруларды сан қырынан танытқан кеш көңілді өтті.      

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды