Семейде мерейтойлық челлендж тұсауын кесті

Аймақтар
09.04.2024, 10:09
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары ерекше бір челлендждің тұсауын кесті. Қазақ теміржолының 120 жылдығына бағытталған іс-шара теміржолшы кәсібіне құрмет, ұрпақтар сабақтастығын паш етеді.

Жуырда бөлімше басшысы Алмас Сейсемқановтың қатысуымен теміржол мерейтойына даярлық шараларын пысықтауға арналған дөңгелек үстелде аталмыш шара Ардагерлер кеңесі тарапынан құпталған болатын. Міне, мерекелік лептегі ерекше челленджді алдыңғы толқын аға буын бастады.  

Алғаш болып Құрметті теміржолшы, «Түрксіб-Семей» мұражайының құрметті директоры, ШЧ-29 бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам белсендісі Мақсұт Көшжанов сөз алды. Теміржол саласына небәрі 20 жасында келіп, содан бергі 68 жыл бойы қол үзбей келе жатқан ардагер көз алдында өткен қазақ теміржолының даму тарихынан сыр шертті, мамандыққа адалдық жайлы жастарға насихат айтты. Әрі қарай челлендж кезегін өзге замандастарына ұсынды.  

Жыл бойы жүргізілетін челленджде әр теміржолшы бірнеше минуттық бейнероликте өз өмірбаянына тоқталып, сала жайлы тәжірибесінен түйген ойымен естеліктерімен бөлісіп, мерейтойға орай лебізін білдіреді. Челлендждің ретімен жүргізіліп, әлеуметтік желіде жүктелуіне бөлімшенің жастар ұйымының белсенділері жауапты.  

Айта кетсек, 120 жылдық теміржол мерейтойынан бөлек, биылғы жыл Семей теміржолы үшін айтулы даталарға толы. Семей станциясы, Семей вокзалы мен Семей жол дистанциясы және жергілікті локомотив пайдалану депосының іргесі қаланғанына 110 жыл толса, Жаңғызтөбе мен Суықбұлақ станцияларының ашылғанына 95 жыл толады. Алдағы кәсіби мерекеде өтілетін даталар жайлы естеліктер мен құттықтаулар да челлендж мазмұнын байыта түсері анық.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты