Теміржолшыларға алғыс айтты

Аймақтар
11.04.2024, 14:07
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде Абай облыстық мәслихатының және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменовпен кездесу өтті.    

Семей филиалы бастауыш партия ұйымы мүшелерімен еркін форматта, диалог түрінде өрбіген жиын барысында бірқатар мәселелер қозғалды. Атап айтсақ, әсіресе жас буын теміржолшыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, оларды тұрғынүймен қамту мақсатында облыс бойынша қолға алынып жатқан «Абай жастары» бағдарламасына қатыстыру, мемлекет тарапынан берілетін өзге де жеңілдіктерге қол жеткізу жайында кеңінен сөз болды.  

Қуаныш Сүлейменов теміржолшылар облыстағы ең ірі бастауыш партия ұйымын құрып отырғанын, Айгүл Берікболова жетекшілік ететін ұйым мүшелерінің саны жыл санап артып келе жатқанын айтып өтті және су тасқыны орын алған кешегі сын сағатта теміржолшылардың еңбегін жоғары бағалап, алғыс айтты.    

Кездесуде жаңадан тағайындалған бөлімше директоры Алмас Сейсемқанов партия қатарына қосылып,  партиялық билет пен төсбелгіні облыстық филиал төрағасы өз қолымен салтанатты түрде табыс етті.  

Алмас Ғылымұлы алдағы уақытта партияның міндеттерін орындауда бірлесе қызмет атқаруға әзір екенін жеткізіп, сала қызметкерлерінің мемлекетіміз бен партия тарапынан қолға алынған барлық бастамаларға қолдау білдіретінін айтты. Бұл орайда мәселен, еліміздің тасқын су басқан аймақтарына жиналып жатқан гуманитарлық жүктерді теміржол арқылы жеткізу қарастырылып жатқанын айта кету ләзім. Ол үшін бөлімше тарапынан арнайы вагондар бөлінбек.  

Жалпы, қазіргі күні семейлік сала қызметкерлері партияның облыстық филиалы ұйымдастырып жатқан қайырымдылық қорына мол үлес қосуда. Әрі Аягөз, Жаңғызтөбе, Шар станциясының теміржолшы жастары аудандық филиалдармен бірлесіп, еріктілер қатарында апаттан зардап шеккен жұртшылыққа көмектесуде.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды