Жол жиегі күлтөкпеге айналып барады

Аймақтар
23.04.2024, 12:11
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары өткен сенбіден бастап екіайлық экологиялық акцияны бастады. Бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов, Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов қала әкімімен және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге кіреберіс жолдарды пойызбен аралап, темір жол жиегіндегі тазалық мәселесін назарға алды.

Рейд барысы көрсеткендей, облыс орталығының тұрғындары теміржол желісінің бойына, яғни белгіленбеген жерге күл-қоқыс төгуді тоқтатар емес. Тек өткен жылы ғана теміржолшылар мен қала басшылығының бастамасымен желі бойы қоқыстан толықтай тазаланған болатын. Алайда бір жылдың ішінде қайтадан ластанып, байырғы қалпына келген. Қыс бойғы төгілген күл мен тұрмыстық қалдықтар әр жерде жатыр.  

Көшпелі кеңес барысында қала ішін көктей өтетін желі бойының ең лас аудандары нақтыланды. Әсіресе жеке сектор орналасқан алаптар талапқа сай емес екен. Шаһардың кіреберіс бөлігінде, Жаңа-Семей станциясына қарасты аумақта қоқыс үйінділері пайда болған, жел ұшырған полиэтилен қапшықтар мен құрылыс қалдықтары да жатыр. Сүреңсіз көрініс жолаушылар пойызымен облыс орталығына келетін меймандарға кері әсер ететіні анық. Мұнымен қатар, рейд барысында РСУ-1, темір жол ауданы, желі іргесінде орын тепкен көтерме сауда базары мен «Жансая» сауда кешенінің маңайы, «Спартак» алаңы маңы, жеке секторлардың айналасы тұрмыстық қалдықтарға толы екені анықталды. Тек станция басында ғана тазалық жүргізілгені көрініп тұр.  

Жарияланып отырған екіайлық аясында Пристань, Жаңа-Семей, Треугольник аймағы, құрылыс объектілері мен базар маңындағы санитарлық тазалық назарға алынатын болды. Оған әлбетте теміржолшылар қауымының да көмегі керек. Алдағы уақытта қаланың коммуналдық қызметі де аталмыш аумақты назарға алмақ.  

–Тұрғындар азаматтық белсенділік танытып, теміржол бойына қоқыс төгіп, тұрмыстық қалдықтарды қалдырғандарды фотосуретке, бейнежазбаға түсіріп, арнайы сенім телефонына жолдаса, жергілікті полиция қызметі құқық бұзу фактісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартады. Ұзақ жылдардан бері желі бойын заңсыз күлтөкпеге айналдырып жатқандардың жолын осылай кеспесе болмайды, – дейді НЖС-6 кадр бөлімі басшысы Данияр Баймағұлов.  

Ал қазіргі күні салмақ жолшылар қауымына түсіп тұр. Желі бойының тазалығын өздері жүргізуде. Мәселен, биылдыққа алғаш рет өткізілген сенбілікте желі бойынан тонналаған күл мен тұрмыстық қалдық шығарылды. Көшпелі кеңес барысында желі бойын таза ұстаудың кешенді шарасы қабылданды, ол қала әкімдігі мен теміржолшылардың күшімен осы екіайлық ішінде толықтай жүзеге асырылмақ.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды