Шыны ыдыста бейнеленген шынайы сурет

Аймақтар
30.04.2024, 10:54
Оқуға 1 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараның бірі Арыс станциясында айрықша жағдайда өтті. Станциядағы жауапты мамандардың атсалысуымен атаулы күнде теміржолшы отбасылардың балалары арасында тақырыптық байқау жарияланып, жеңімпаздар анықталды.

Арыс станциясындағы вагон қозғалысының жылдамдығын реттеуші Бақытжан Алданазаровтың қызы Айнараның «Аман-есен үйге оралыңыз. Біз Сізді күтудеміз!» деген тақырыппен салған суреті үздік деп танылып, шыны ыдыстың сыртына салынды.

Ерекшелігі сол – үздік деп танылып, ыдыс сыртына бейнеленген сурет атаулы күннің тақырыбымен өзара үндесіп,  теміржолшыларға сыйлық ретінде таратылды. Яғни, үлгілі қызметкерлерді марапаттау сәтінде станция басшысы Құрманғазы Нарымбетов пен станциядағы цех комитеттің төрағасы Телғозы Шораханның бастамасымен теміржолшыларға мадақтама қағазынан бөлек, арнайы сөмкеге салынған блокнот, картинамен бірге осы тақырыптық көрініс бейнеленген шынайы суретті шыны ыдыстар болды.

Айта кетейік, осы күндері Арыс станциясындағы кабинет, кеңселерге ауа баптағыш құрылғылылары орнатылып, вагон сұрыптау паркінің қызметкерлері арнайы талапқа сай киім және құрал-саймандармен толық қамтамасыз етілді. Мұның бәрі де күннің күрт жылынуына байланысты және алдағы жазда қалыпты әрі қауіпсіз қызмет ырғағын бәсеңдетіп алмау үшін жасалған шаруа болса керек-ті.

Сондай-ақ, апта бойы арнайы ұйымдастырылған техникалық сабаққа медицина қызметкерлері келіп, алғашқы көмек көрсетудің жай-жапсарын түсіндіріп, таныстырды. Бұл атаулы күнмен ұштасқан айтулы шара болды дейді арыстық теміржолшылар.

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді