Шиелі станциясында жүк тиеу жоспары артығымен орындалып жатыр

Аймақтар
02.05.2024, 12:35
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Орынбор-Ташкент магистралінің бойында бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған Шиелі станциясы – Қызылорда теміржолындағы өндірістік станциялардың бірі. Облыстың оңтүстігінде шоғырланған өндіріс орындарының дені теміржол тасымалына иек артады.  

Сондықтан Шиеліде қысы-жазы жұмыс қауырт. Айталық, жылдың алғашқы тоқсанында 948,4 жүк вагонына жүк тиеу жоспары 1 172 вагонға жетіп, меже 124 пайызға асыра орындалған. Вагон айналымының тоқсандық межесі 1 200-ден 3 232-ге дейін жеткізіліп, 269 пайызға орындалуы станция теміржолшыларының мерейін арттыратын көрсеткіш екені анық. Тек наурыз айында 369 вагонға жүк тиеу жоспары 651 вагонға жеткізіп, 176 пайызға орындаған.  

– Жалпы наурыздағы өндірістік көрсеткіштер 108 бен 286 пайыз арасында, ал алғашқы тоқсандағы көрсеткіштер жиыны 104 пен 269 пайыз арасында асыра орындалды. Жүк түсіру көрсеткішінің тоқсандық межесі 3 300 вагон деп бекітілген, ал нақты  көрсеткіш 3 438 вагонды құрап, 104 пайызға орындалды, – дейді станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжапбаров.

Айтуынша, станцияда еңбек ететін теміржолшылардың бәрі тәжірибелі мамандар. Көпшілігі осы кәсіппен біте қайнасқан әулеттен шыққан. Сондықтан кез келген жұмысты кәсіби деңгейде жүргізеді. Мысалы, тіршілігі күндіз-түні бір тынбайтын бекетке келіп-кетіп жатқан пойыздардың қозғалысын және маневрлік жұмыстарын станция кезекшісі Есен Мырзақұлов пен кезекші жанындағы оператор Салтанат Қонақбаева шебер атқара білсе, вагондарды құрамнан ажыратып құрастыру жұмыстарын Ырысбек Қалматовтай кәсіби деңгейде орындайтын пойыз құрастырушы көп емес.    

– Тәжірибеге сүйенем дегенмен, қауіпті аймақ саналатын теміржолда әрдайым сақтық қажет. Әр ауысымда жұмысымызға арнайы дайындық жасап, басшылық құрамның күнделікті пысықтау инструктажын тыңдап, ескертулерін есте сақтауға міндеттелеміз, – дейді станция кезекшісі Есен Мырзақұлов.

Сонымен қатар парк кезекшісі Марат Палымбетов, тасымал құжаттарын реттеу операторы Тоғжан Пиржанова, жүк қабылдап-тапсырушы Нұрбол Зинабдинов пен тауар қассирі Іңкәр Умешованың қай-қайсысы болсын жоғарыдағы барлық талапқа жауап беретін нағыз мамандар.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды