Бурабайдағы рельс дәнекерлеу кәсіпорнында жұмыс қарқынды жүріп жатыр

Аймақтар
30.05.2024, 10:13
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл Магистральдық желі дирекциясы еліміздің теміржол желілері бойынша 590,15 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған орай Бурабай курорты станциясында орналасқан рельс дәнекерлеу кәсіпорнында да жұмыс қыза түскен.

Өйткені аталған кәсіпорын алдында жаңа рельстерден 232,52 км жолды құрайтын жаңа ұзынөлшемді иіндерді дәнекерлеп шығару міндеті тұр. Яғни еліміздегі үш рельс дәнекерлеу кәсіпорны арасында бурабайлықтар еншісіне иіндерді дәнекерлеу бойынша жоспарланған жалпы көлемнің 39,4% тиіп отыр.  Жалпы, Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны жаңа 100 метрлік рельстерден ұзынөлшемді рельс иіндерін дәнекерлеумен, ескі жарамды рельстерді жөндеумен және олардан 25 метрлік және ұзынөлшемді иіндерді дайындаумен айналысады. Сонымен қатар кәсіпорын ПРСМ машиналарымен жолдағы рельс иіндерін контактілі дәнекерлеу әдісі арқылы қалпына келтірумен, жолдағы рельстердің тозған ұштарын балқыту, бүйірлік орамды тегістеу әдісімен алу, бағыттағыш бұрмалардың айқастырмаларын балқыту және тегістеу сияқты жөндеу жұмыстарымен айналысады.

Сондай-ақ кәсіпорында негізгі жұмыстардан бөлек, Жол және құрылыс департаментінің тапсырыстары бойынша жолдың үстіңгі құрылымы үшін рамалар, фигуралық рельстер, өтпелі профильді рельстер сияқты материалдар дайындалады.  

«Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында 238,25 км/жолға жаңа рельстерден, 40 км/жол көлемінде жөндеуден өткен ескі жарамды рельстерден ұзынөлшемді рельстер   дәнекерленіп, жоспардың орындалуы 100% құрады. Сонымен қатар 15,4 км/жолдық жаңа теңестіру рельстері дайындалды, фрезерлеу, ескі жарамды рельстерді жөндеу жоспары 18 км/жол шамасында орындалды. Сондай-ақ 10,2 км/жол көлемінде ескі рельстерді жөндей отырып, 25 метрлік рельстер дайындалды. Бағыттағыш бұрмалар үшін  94 дана рамалық рельстер әзірленіп, жолдағы бағыттағыш бұрманың 660 дана айқастырмасы балқытылды және де ПРСМ машиналарымен жолдағы рельс иіндерінің 7 340 жуық түйіспесі қалпына келтірілді», – дейді Бурабай курорты РДК Өндірістік-техникалық бөлім бастығы Владимир Михайлович.  

Оның айтуынша, жалпы кәсіпорын бойынша негізгі жұмыс түрлері бойынша өндірістік бағдарлама жоспары 107% орындалған. Бұдан бөлек, кәсіпорын қызметкерлері тарапынан ұзындығы 800 метр болатын арнайы рельс тасымалдайтын пойыздар жаңа және ескі материалдардан дәнекерленген ұзын өлшемді рельс иіндерін тасымалдап, сондай-ақ алдағы жөндеу жұмыстары үшін Жол дистанцияларынан ескі жарамды рельстерді алып келген. Кәсіпорын қарамағындағы 7 бірлік ПРСМ машинасының екеуі биыл күрделі жөндеуден өтпек, бұл өз кезегінде жолдағы рельстерді дәнекерлеу бойынша көп көлемді игеруге мүмкіндік бермек.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды