Станцияға саяхат

Аймақтар
31.05.2024, 10:28
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мамандық таңдау – болашаққа қадам басқан әр жастың алдында тұратын сұрақ. Қолына аттестат алған жан нақты бір мамандықтың тізгініне жармасуға тура келеді. Жуырда Атырау станциясына келген студенттер теміржолшы мамандығын таңдапты.

Атырау политехникалық колледжінің «Теміржол көлігінде тасымалдауды басқару және ұйымдастыру» бөлімінің 2 және 3 курсында оқып жатқан студенттерді ұстаздары Салтанат Ибраева бастап келді. Айтуынша, бүгінде колледждің аталған бөлімінде 56 студент білім алып жатса, 4 курс шәкірттері қазіргі уақытта өндірістік тәжірибеден өтіп жүр. Өкініштісі, былтыр теміржолшы мамандығына құжат тапсырған түлек болмапты, салаға қызығушылық төмендеп кеткен.  

Станцияға келген 2-3 курс студенттерін станция бастығы Бекжан Жиенбетов пен бөлімшедегі кадрлар бөлімінің менеджері Ерлан Тарихов қарсы алды. Станция бастығы теміржолшы мамандығы туралы өзі өткен жолдарды мысалға келтіре отырып әңгімелеп, теміржолшы болудың қиындығы мен жауапкершілігі, темірдей тәртіп, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау, маман білуге тиіс басты қағидаларды түсіндірді.  

Мамандар бөлімінің бастығы да қазіргі кездегі теміржолшылардың әлеуметтік жағдайы, жалақысы, еңбек процесінде арнайы киіммен, құралмен қамтамасыз ету, жұмысшыға қойылатын талап, оның құқығы мен міндеттері, еңбек және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша жауапкершілігі, жас маманның мансаптық өсу жолдары, т.б. жайттарды әңгіме қылды.  

Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оған кәсіби жауап алды. Станцияны аралап, өндіріспен танысты. Сол күні теміржолшылар қаладағы «Бином» мектебінде де болып, кәсіп таңдау бағытында оқушылармен кездесу өткізді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды