Қозғалыс мамандары Семейде бас қосты

Аймақтар
04.06.2024, 11:29
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалының базасында қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Басқосуға барлық бөлімшелердегі қозғалыс қауіпсіздігі бөлімдерінің басшылары мен бас мамандары, қозғалыс ревизорлары, Семей филиалы басшылығы қатысты. Іс-шараның басты мақсаты теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша осы салаға жауапты қызметкерлер арасында өзара тәжірибе алмасу, ағымдағы жылдың басынан бастап орын алған ақаулықтарды талдау, оған себеп болған түйіткілді мәселелерді бірлесіп талқылау болатын.  

Жиын барысында сөз алған Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Алмас Сейсемқанов аталмыш тақырыптың өзектілігі жайында сөз етіп, желі бойындағы тосын жайттардың орын алмауы үшін, яғни қозғалыс қауіпсіздігін сақтау жолында мұндай жиындардың берер маңыздылығына тоқталды.

Семинарда пойыздық және маневрлік жұмыстар тиімділігін арттыру, қозғалыс кезінде жылжымалы құрамдардың соқтығысуын болдырмау бойынша жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар да пысықталды. Семинарға сарапшы ретінде қатысқан техникалық саясат департаментінің өкілдері, бас менеджер Рита Еркебаева мен менеджер Светлана Горобец сөз алып, компания бойынша қолға алынған жұмыстар, атап айтқанда жекелеген актілерді жетілдіру мәселелері жайында сөз қозғады.  

Семинар барысында сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайлары бойынша қызметтік тергеулерді ұйымдастыру ісі де талқыланып, қатысушылар озық әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша өзара тәжірибе алмасты, пікір бөлісті.  

– Семинар-кеңес «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы тапсырмалары шеңберінде өткізіліп отыр. Маңыздылығы сол, осынау жиын барысында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары толықтай қайта пысықталып, осы бағыт бойынша жұмыс жүргізетін мамандардың практикалық білімдері жүйеленді. Сәйкесінше, бөлімшелердегі жүргізіліп жатқан қызмет сапасы да артады деген ойдамыз, – дейді бұл орайда пікір білдірген Семей ЖТ бөлімшесі қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Расул Кәукен.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды