Қоршаған ортаны қорғау – игілікті іс

Аймақтар
11.06.2024, 11:24
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Атырау магистральдық желі бөлімшесінде экологиялық қауіпсіздікке арналған ауқымды шара өтті. Оған жол, электрмен қамту, байланыс дистанциялары, өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздары мен вокзалдар ұжымдары қатысты.

Жиынды бөлімше басшысының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденов ашып, қоршаған ортаның адамға әсері мен темір жол саласында оны қорғаудың жүзеге асырылып жатқан бірқатар тетіктерін атап өтті. Жалпы, барлық ұжымдарда экология күніне алдын ала дайындық төрт бағытты қамтыған: бірінші, ұжымдарда экология күнінің маңызын түсіндіру, сосын көрме, марафон, акциялар өткізу. Яғни экология туралы баяндамалар, қолдан жасалған экобұйымдар, бөлме гүлдері көрмесі, құстарға ұя жасау, сенбілік ұйымдастыру, жаяу жүру, пакетті экосөмкеге ауыстыру, т.б. көптеген шаралар орындалған. Жиын барысында осы аталған талаптардың орындалуын білдіретін бейнероликтер көрсетіліп, онда жоғарыда аталған әр ұжымның қоршаған ортаны қорғауға қалай атсалысатыны және қандай шаралар қолданылып жатқаны баяндалып, бір ұжымдарда бейне таспа көрсетілсе, бірінде тек слайдтар арқылы берілді. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен вокзал шаруашылығы бірінші орынды жеңіп алып, кәсіподақ атынан қаржылай сыйлық алды. Басқа ұжымдар да алған орындарына сәйкес марапатталды. «Экология – балалар көзімен» атты көрме ұйымдастырылып, онда бүлдіршіндердің қоршаған ортаны қорғау тақырыбын бояу қарындашпен бейнелеген еңбектері сарапқа салынды.  

Бөлімшенің еңбек қорғау және экология қызметінің жетекші инженері Ағния Қонысованың айтуынша, бөлімше бойынша экологиялық талаптар орындалып келеді. Мәселен, ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың мөлшері 2022 жылы 54,56 тоннаны құраса, 2023 жылы ол 24,79 тоннаға азайған. Оның басты себебі – көмірмен жылытылатын пештердің электрмен жылыту жүйесіне ауыстырылуы. Сонымен қатар ауадағы озон қабатының жұқаруына алып келетін парниктік газдың мөлшері де азайған. Өткен жылы тұрмыстық қалдықтарды тапсыру 70 670,4 кг құрап, 23 175,4 мың теңгені құраған. 4 043 кг қалдық сұрыптауға жіберіліп, 703 880,00 теңге кіріс әкелген. Оның ішінде тек қағаз қалдықтары – 501 кг, пластик – 17 кг, жарамсыз аккумуляторлық батареялар – 3 425 кг. Бөлімше бойынша 3 секциялы сұрыптауға арналған барлығы 116 контейнер пайдаланылуда. Биылғы жылы жарамсыз компьютерлік техникаларды қабылдайтын ұйымдар ашылып, оларға 512,5 кг жарамсыз компьютерлік техника тапсырылып, ол үшін 26625,00 теңге кіріс кірген. Энергияны үнемдеу арқылы шығындарды оңтайландыру бойынша өткен жылда 300 дана ескі шамдар энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылып, экономия 392 000 мың теңгені құраған. «Кірпіні құтқар! Батарейка өткізіп, табиғатты сақта!» атты экологиялық жоба бойынша 2022 жылы 724, ал 2023 жылы 882 батарейка тапсырылған. Маманның айтуынша, жерге түскен бір батарейка бірнеше шаршы метр жер мен жәндікті бүлдіреді екен. Қоршаған ортаны қорғаудың бір жолы жасыл желектер десек, бөлімше бойынша былтыр 174 терек, ал биыл 214 терек отырғызылыпты.  

Жиын соңында жыл бойына жақсы жұмыс жасаған эколог-мамандар, атап айтқанда Атырау жол дистанциясының экологы Ж.Мендиян, Атырау ШЧ-8 – Ж.Айтимова, Ақжайық ШЧ-9 – Г.Тоқсанбаева, Құлсары ШЧ-11 – Р.Жаманшиев, ЭЧ-4 – А.Хасенова, вокзал шаруашылығы экологы М.Ізмұқанов марапатталып, оларға Алғыс хат табыс етілді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды