Ақтөбенің локомотив паркі жаңарып жатыр

Аймақтар
13.06.2024, 11:53
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе локомотив пайдалану депосында жаңа үлгідегі тепловоздар көбейді. Нәтижесінде депо өз жұмысын оңтайлы жүргізіп, магистральдық және маневрлік қозғалыс түрлері бойынша жүктелген міндетті абыроймен атқару сапасын арттыра түсті. Әрине, жүк тасымалы көлемінің ұлғаюына да жағымды әсер етіп отыр.  

Ақтөбе локомотив пайдалану депосының директоры Нұрлан Көшербаевтың айтуынша, бүгінде паркте 86 локомотив бар. Оның ішінде 38 локомотив 2Т10МК сериялы. Т33А сериялы 19 локомотив, 2Т25КМ сериялы 3 локомотив,  маневрлік ТМ2 сериялы 11 локомотив бар. Соның ішінде Т33А, 2Т25КМ, Т33АС сериялы модернизацияланған тепловоздар соңғы жылдары келген. Биыл зауыттан шыққан 252Т10КМ локомотивтері де паркті толтырды.  

“Біз негізінен жүк тасымалдау жұмыстарын ұйымдастырамыз. “А” нүстесінен “Б” нүктесіне дейін қауіпсіздікті сақтап жеткізуді міндетімізге аламыз. 2024 жылдың алғашқы тоқсанында жүк тасымалының көлемі 1 382 689 тонна км бруттоны құрады. Жүк тасымалы Жем-Ақтөбе, Ақтөбе-Илецк бағытында ұйымдыстырылады. Ал жолаушы тасымалы Жем-Илецк және Әйтеке би-Ақтөбе, Ақтөбе-Орал бағыттарына “Тұлпар-Тальго” пойызы да бар”, – деп мәлімет берді депо директоры.  

Депоға келген жаңа тепловоздарды меңгеру үшін машинистер мен машинист көмекшілері Астанаға барып арнайы курста білім алады. Одан бөлек техникалық сабақтар да апта сайын тұрақты өтеді.  

Қазіргі уақытта Ақтөбе локомотив пайдалану депосында 668 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 304 машинист, 259 машинист көмекшісі бар. Ғасырдан аса тарихы бар Ақтөбе депосы үшін машинист мәртебесі – кәсіп. Қазақ теміржолының тарихындағы алғашқы машинистер осы деподан шыққан.  

Тәжірибелі машинистер әлі де аз емес. Депода  “Тұлпар-Тальго” пойызын жүргізетін 1-класты 14 машинист болса, 2-класты жолаушы пойызын жүргізетін 142 машинист бар. Ал жүк пойызын жүргізетін 132 машинист жұмыс істейді. Сонымен қатар машинист болуға дайын 97 машинист көмекшісі бар.  

“2008 жылдан бері осы депода еңбек етемін. 12 сағат жұмыс істеп, 16 сағат демаламыз. Илецк, Жем, Қандыағашқа қарай жүк пойызымен жүреміз. Илецке 10 сағатта барсақ, 5 сағат демалысқа беріледі. Арнайы демалыс үйлері бар. Тепловоздар жаңа. Іші қыста жылы, жазда кондиционері бар. Машинистерге жағдай жасалған деп ойлаймын ”, – дейді біз сөзге тартқан машинист Мұрат Есмұрзаев.  

Биылдан бастап енгізілген тәртіп бойынша депо машинистері 55 жастан пенсияға шығады. Ақтөбедегі депода бұл жас бойынша 2-3 адамның құжаты дайындалып жатыр екен. Жалпы, еңбек қорғау және қауіпсіздік саласына талап жоғары.  Жұмысшы-қызметкерлер қысқы және жазғы киіммен уақытылы қамтылады.  

Темір жолда болып жатқан әрбір жазатайым оқиғалар жоспарлау мәжілістерінде уақытылы талқыланып, депоның барлық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі. Басшылар мен машинист нұсқаушылары еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай қауіпсіздікті бақылау шараларын өткізеді.  

Биыл депода 10 сәуірден 31 мамыр аралығында парктегі тепловоздар техбайқаудан өтіп, жазғы тасымалға сақадай сай келген.    

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті