Атырауда Қазақстан темір жолының 120 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті

Аймақтар
06.08.2024, 10:00
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мұнайлы астана Атырауда Қазақстан темір жолының 120 жылдық мерейтойы жарты мыңға жуық адамның қатысуымен кең көлемде аталып өтті. Облыстық Халық шығармашылығы орталығының мәдениет үйінде өткен іс-шараға облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат, ардагерлер кеңесі, Атырау жүк тасымалы және магистралдық желі бөлімшелерінің серіктес компаниялары өкілдері, сала ардагерлері мен бүгінгі теміржолшы еңбеккерлер қатысты.

Жиын барысында сөз алған Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аслан Базарғалев атап өткендей, 2024 жылдың алты айының қорытындысы бойынша тиелген жүк көлемі 6 млн. 900 мың тоннаны құрап, жоспар 114%-ға орындалған. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 850 мың тоннаға артық. Жүк түсіру көлемі де жоспардан асып түсіп, жоспар 111,6 %-ға орындалыпты. Бұл әрине, өңірде еңбек етіп жатқан барлық теміржолшылардың еңбегі екені даусыз. Сондықтан да биылғы атаулы мерекелік күнге орай 150-ден астам адам марапатталып отыр.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Бекәділ Сауров, бас инженер Бауыржан Картан, аға электр механик Нұрболат Нұрбаев, Атырау магистралды желі бөлімшесінің зейнеткерлері Әлия Таздарбаева мен Батырбай Жансариев, электромонтер Мәдениет Темірова, т.б. азаматтар Атырау облысы әкімінің, облыстық мәслихаттың және ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, «Атырау облысына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аслан Базарғалиев, Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясы бастығының орынбасары Жақсыбай Айтжанов, жол дистанциясының зейнеткері Ханат Қуат, кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Күләш Әжіғалиева, «Атырау ардақтысы» төсбелгісін «Қазтеміртранс» АҚ Атырау филиалы зейнеткері Қайырлы Кенжалиев пен Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының зейнеткері Балзия Қойсариева, «Бейбарыс» төсбелгісін жол шебері Нұржау Адырбаев пен аға электр механик Айжарық Шахатов, «Ардақты ана» төсбелгісін Мақат вокзалының зейнеткері, 10 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген Рахат Қанатбаева мен Мақат станциясының зейнеткері, 9 баланы тәрбиелеп өсірген Тыныштық Алтыбаева, «Хиуаз» төс белгісін зейнеткер Мақат локомотив пайдалану депосының зейнеткері Қалима Ерғалиева, Атырау жол дистанциясының инженер-технологы Қамажай Бағитова және басқалар кеуделеріне тағып, зор құрметке бөленді.  

Бұдан басқа көптеген сала қызметкерлері «ҚТЖ ҰК» АҚ Басқарма төрағасы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясы мен өңірлік филиалдар басшыларының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, сонымен қатар «Үздік маман», «Кәсібі бойынша үздік» және «Адал еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды. Бірқатар мамандар «ҚТЖ ҰК» АҚ Басқарма төрағасының шешімімен «Үздік мамандар» Құрмет тақтасына ілінді.  

Биыл өңірде төрт теміржолшы темір жол көлігі қызметкерлері үшін ең жоғары саналатын «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Мақат электр торабының бастығы Жаңабай Тәжібаев наградасын Астанаға арнайы шақырумен барып, компания басшысы Нұрлан Сауранбаевтың қолынан алса, Атырау магистральдық желі бөлімшесі Құлсары байланыс және сигнализация дистанциясының СОБ лектромеханигі Жұбандық Зарлықов, Атырау жол дистанциясы бастығының орынбасары Темірзақ Нұрбай, Атырау локомотив пайдалану депосының бастығы Қуаныш Таутановқа өңір теміржолының басшысы Аслан Базарғалиевтың қолынан алып, дүйім жұрттық алдында кеуделеріне тақты.  

Айта кетерлігі, шараны ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген «Қазкөліккәсіп» ҚБ Атырау өкілдігі мен салалық кәсіподақ ұйымдары ауқымды жұмыс атқарды. Облыстық «Атырау» газетіне айқара бетке аймақ теміржолының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы көлемді мақала берілді, салтанантты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өңірге белгілі әншілер мен бишілер өнер көрсетті. Теміржолшы Е.Кенжахановтың сөзіне жазылған Ж.Исмагуловтың бір ғана «Машинист» әнінің өзі көрермендердің көңілін көтеріп, рухтандырғаны анық.  

 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?