Маңғыстаулық теміржолшылар қос мерейтойды дүркірете атап өтті

Аймақтар
06.08.2024, 10:37
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл маңғыстаулық теміржолшылар қос мерейтойды дүркірете атап өтті. Көлік қызметкерлері күніне орай түбектегі негізгі мерекелік іс-шара Маңғыстау станциясындағы Ф.Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйінде билік өкілдері, сала ардагерлері мен теміржолшылардың қатысуымен салтанатты түрде ұйымдастырылды.

Жиынға қатысушылар алдымен Қазақстан теміржолының 120 жылдығы мен Маңғыстау теміржолының 60 жылдығына орай дайындалған бейнероликті тамашалап, теміржол тарихындағы маңызды оқиғалардан мағлұмат алды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, Мұнайлы ауданының әкімі келіп, теміржолшыларды төл мерекесімен құттықтады. Облыс басшысының орынбасары өз сөзінде осынау кәсіп иелерінің қиындығы мол еңбегін тілге тиек етіп, теміржолшылардың маңдай терімен тоқтаусыз жүріп тұрған темір жол қатынасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор қосып отырғанын жеткізіп, алғысын білдірді.

Маңғыстау қосалқы бөлімі бастығы Нәжімеден Ғұбашов пен Маңғыстау магистральды желі бөлімшесінің директоры Мұхтар Бақтыгереев әріптестерін, барша теміржолшыны биылғы мерейтойлар және кәсіби мерекесімен құттықтады. Өңір теміржолының кешегі өткені мен бүгінгі жетістігі туралы сөз етіп, артта қалған алпыс жылдың жылнамасынан мысалдар келтірді. Қазіргі қол жеткен әр жетістікте әрбір ардагердің, әр теміржолшының өлшеусіз үлесі бар екенін атап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.  

Көңілді кеш әрі қарай марапаттауға ұласты. Теміржолдың ең жоғары наградасы «Құрметті теміржолшы» белгісіне биыл Маңғыстау теміржолынан үш адам ие болды. Маңғыстау станциясының бастығы Бағыбай Исатаевқа «Құрметті теміржолшы» белгісі Астана қаласында басшылық өкілдерінің қолымен табысталды. Сондай-ақ Маңғыстау вагон пайдалану депосының бастығы Майлыбай Камалов, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі Бейнеу станциясындағы қалпына келтіру пойызының кран машинисі Бердімұрат Наурызов «Құрметті теміржолшы» белгісін төсіне тақты. Маңғыстау станциясының аға тауар кассирі Гүлжамал Балғожаева, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша жетекші инженер Айнұр Жакенова «Кәсібі бойынша үздік» атанды. Маңғыстау станциясының аға тауар кассирі Гүлнар Смағұлова, Маңғыстау локомотив пайдалану тепловоз машинисі Қуанбай Кирлиев, Маңғыстау вагон депосы Сай-Өтес телімінің нұсқаушысы Амангелді Түйебаев, Маңғыстау станциясы Қалпына келтіру пойызының гидропневматика шебері Ербол Мүсірханов «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін алды. «Теміржолсу Маңғыстау» мекемесіннің слесары Рашид Абдуллаев пен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі СОБ, байланыс және электрмен жабдықтау секторының бастығы Өтеген Серікқалиев «Үздік маман» атағына ие болды. Сонымен қатар тағы бірқатар сала қызметкері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының, «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директорының, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС Басқарма төрағасының, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы әкімдерінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды. Іс-шара әрі қарай аудан өнерпаздары мен жас теміржолшылардың концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Теміржолшылар құрметіне ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар Бейнеу ауданындағы орталық стадионда және Болашақ станциясының бас ғимараты алдында да ұйымдастырылды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды