Түбек теміржолының 60 жылдық мерейтойына фитнес зал тарту етілді (Фото)

Аймақтар
19.09.2024, 10:48
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының қыз-келіншектері енді тегін фитнес залда қалағанынша жаттығып, сымбаты мен денсаулығын күте алады. Түбек теміржолының алпыс жылдық мерейтойына орай бөлімшенің бас ғимаратынан әйелдерге арналған фитнес залы жабдықталып, қолданысқа берілді.  

Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов пен аймақтық кәсіподақ ұйымының жетекшілері оның ашылуына қатысып,  ерлермен бір сапта иық тіресе еңбек етіп, сонымен қатар отбасының ұйытқысы болып, қос міндетті қатар алып жүрген теміржолшы арулардың еңбегіне алғыс айтып, әдемі жабдықталған залда бос уақыттарын тиімді өткізулеріне тілектестік білдірді.  

– Біз сіздерде қашан да көтеріңкі көңіл-күйде, ширақ та сау-саламатта жүргендеріңізді қалаймыз, – деді Н. Бақтығалиұлы.  

Бұл жаңалыққа риза болған қыз-келіншектердің қуанышында шек жоқ. Көбі ертеңіне-ақ жаттығуды бастаймыз десті. Әр құрылғыны бір сынап көріп, мәре-сәре болды. Айта кетсек, фитнес залының кабинеті ғимаратта бар екен. Осыдан оншақты жыл бұрын ашылып, жаттығу құрылғылары көп болмағандықтан пайдаланылмай, ескіріп, істен шығып, кабинет құлыпталып қалған. Енді сол бөлмеге жөндеу жүргізіп, жаңадан жаттығу бұйымдарын алып, толығымен қайта жабдықталған.  Жүгіру дорожкалары, велосипедке, зілтемірге, үстел теннисіне, тренажерлік дискілер, секіретін құрылғыларға дейін алыныпты.      

 – Фитнес – денсаулықтың кепілі. Бұл бізге өте жақсы мүмкіндік болды. Тек қана спорттық сайыстарға қатысушылар емес, кез келген әйел енді осы залда жаттығып, өзін шынықтырып, сымбатын арттыра алады. Осындай жағдай жасап отырған басшылыққа көп рахмет! Мына  құрылғыларды сынап көргенше асықтық.  Басшылардың айтуынша, бір қабырғаны тұтас алатын үлкен айнаға да тапсырыс беріліпті. Онда тіпті бәлен мың теңгемен кіретін фитнес клубтардан еш кемі болмайды. Алғысымыз шексіз! – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімінің қызметкері Гүлсанем Шамсиева.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды