“Жолымыз -темір, қызметкерлеріміз - алтын”: өңір аралаған Басқарма төрағасы қарапайым қызметкерлерді марапаттады

Аймақтар
28.09.2024, 10:34
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

“ҚТЖ ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев апта соңында Ақтөбе бөлімшесіне жұмыс сапарымен барды. Төраға ардагерлер мен өңірде еңбек етіп жүрген жолшы, күзетші, пойыз құрастырушы секілді қарапайым қызметте жүрген теміржолшылардың омырауына мерекелік медаль тақты.  

Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың Ақтөбе облысына сапары төрт тарапқа қызмет ететін Қандыағаш станциясынан басталды. Ғасырдан аса тарихы бар кластан тыс сұрыптау станциясында бір топ теміржолшылар күтіп алды.

Сауранбаев басқарған басқарма өкілдері Батыс аймақтық ЖТ бөлімінің басшысы Бөріхан Беркімбаев және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Мұғалжар ауданының әкімдерімен бірге Қандыағаш станциясындағы теміржол кәсіпорындарына барды. Тоғыз жолдың торабындағы республикалық маңызы бар Қандыағаш станциясының қуаты, мүмкіндіктері айтылды. Станцияда қуаты орташа сұрыптау дөңесі, 5 парктен тұратын 3 маневрлік аудан бар. Дөңесалды, сұрыптау, жөнелту, қабылдап жөнелту және Қандыағаш-2 парктер жұмыс істейді. Қазіргі таңда станцияда 7 бірдей маневрлік локомотив бар.  

Басқарма басшысы станциядағы автоматтандырылған дөңесті тексерді. Ол 21 сұрыптау жолында жұмыс істейді. Сұрыптау паркінің жолдары 3 байламға бөлінген. Сұрыптау паркінде 3 маневрлік локомотив жұмыс атқарады.  

Станцияның сұрыптау дөңесінің өңдеу қабілеті 8 айда тәулігіне орта есеппен 2400 вагонды құрады. Қандыағаш станциясы автоматтандырылған басқару жүйесі бар, теміржол желісі бойынша ірі сұрыптау станциясына жатады. Қандыағаш станциясындағы кәсіпорындарды аралау кезінде компания басшылығы вагон пайдалану  депосындағы үлгілі ұқыптылықты атап өтті.

Кейін делегация тиімді басқаруға қол жеткізген “Пойыздар қозғалысын басқару орталығы” жұмысымен танысты. Теміржолдың цифрлық трансформациясы саналатын орталық жұмысы бүгінде бір ізге қойылған. Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облысының диспетчерлері бір жерден қозғалысты қашықтықтан басқарып отыр. Орталық технологиялық дамуы мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдаланкға қол жеткізді. Оптикалық-талшықты байланыс желісі арқылы теміржол станцияларының құрылғыларын ұзақ қашықтықтан басқаруға мүмкіндік мол. Нәтижесінде компания экономикалық тиімділік, бизнес-процестерді жетілдіру, компания қызметін цифрландыру мен автоматтандыруға қол жеткізді.

Басқарма басшысының Ақтөбеге сапары аясында бөлімше басшыларымен жиын өтті.  

“ҚТЖ-ЖТ» ЖШС – "Батыс" филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев сегіз айдағы жұмыс қорытындысын баяндады.

Батыс өңірінің тиімді географиялық позицияға ие екені, көлік-логистика саласы үшін Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропа елдеріне транзиттік ағынның байланыстырушы буыны болып табылатынына маңыз берілді.  

Өңір темір жолының пайдалану ұзындығы – 1833 км, оның ішінде-бір жолды учаскенің ұзындығы – 1301 км, екі жолды учаскенің ұзындығы-532 км. Филиал шекарасында 115 бекет пен станция орналасқан. Оның 55-і коммерциялық жүк жұмысы үшін ашық, 1 сыныптан тыс станция, 9 бірінші класты станция, 5 екінші класты станция, 6 үшінші класты станция, 15 төртінші класты станция, 80 бесінші класты станция бар. Бүгінде Ақтөбе ЖТ бөлімшесінде 4631 қызметкер еңбек етіп жүр.  

Ақтөбе бөлімшесінің 8 айдағы жоспарды орындау көрсеткіші 100 пайызды құраған.

“Жүк тасымалдауды жетілдіру және жылжымалы құрамды қайта өңдеу кезінде сұрыптау жүйелерінің жұмысын жеңілдету мақсатында филиалда барлық номенклатуралардың жүктерін маршруттау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні маршруттық жөнелтулер ұйымдастырылды, бұл жалпы тиеудің 70 пайызын құрайды”,- деді Бөріхан Беркімбаев.  

Әрі қарайғы кедесу жұмысшы құраммен өтті. Басқарманың мәжіліс залына аймақтың мыңнан аса қызметкерлері жиналды.  

“ҚТЖ ҰК” АҚ төрағасы Нұрлан Сауранбаев  ардагерлер, алыс станциялар мен бекеттерде еңбек етіп жүрген жолшы, күзетші, пойыз құрастырушылардың омырауына “Қазақстан теміржолына 120 жыл” мерекелік медалін тақты. Еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік.  

“Қазақстан теміржолына биыл 120 жыл. Осы салада еңбек еткен аға-апаларымыздың еңбегі ерен. Ардақты ардагерлер, бүгінгі жетістік сіздер салған сара жолдың, шексіз еңбектің арқасы. Қазір еңбек етіп жүрген теміржолшылардың да еңбегі зор. Көрсеткіштеріңіз өсіп жатыр, жаңа локомотивтер сатып алдық. Ірі жобалар іске асуда. Біздің жолымыз - темір, қызметкерлеріміз - алтын”,- деді Сауранбаев.  

Еңбекқор азаматтардың беделін көтеру, өнімді еңбек етуге ынталандыру қызметкерлерге ерекше әсер етті.  

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды