Еңбекқор теміржолшылар әулеті үлгі етілді

Аймақтар
07.10.2024, 12:56
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің 1-курс студенттері үшін арнайы «Теміржолдың еңбексүйгіш әулеттері» атты кездесу ұйымдастырды.  

Болашақ теміржолшылар жалпы еңбек өтілі 400 жылға жуықтаған Жаңабаевтар әулетімен кездесті.

Бүгінде үшінші буын ұрпағы теміржолда тер төгіп жүрген  Жаңабаевтар – «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ұстанған отбасы.

– Теміржолшыға ең керек қасиет – еңбекқорлық. Онсыз бұл саланың қиындығына, үлкен жауапкершілікті қажет ететін талаптарына төзу мүмкін емес. Осыны болашақта теміржолшы болам дейтін жастарға жеткізу үшін біз жаңа оқу жылынан бастап теміржолшылар әулеттерімен, кәсіби мамандармен кездесулер ұйымдастырып отырамыз. Мұндай іс-шаралар арқылы жастарға өзінің табандылығы және қажырлы еңбегімен нәтижеге қол жеткізген адамдарды үлгі ететміз. Адамның өсіп-жетілуіне, тұлға ретінде қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің маңызы зор. Мысалы үш буын ұрпағы осы салада еңбек етіп келе жатқан Жаңабаевтар әулетінде үш адам «Құрметті теміржолшы» атағына ие болған абыройлы отбасы, – дейді колледж директоры Ұлжан Кенжебаева.

Әулеттің атадан балаға жалғасқан еңбек жолының бастауында 45 жылын шойын жолдың бойында өткізген Ергеш Жаңабаев тұр. «Құрметті теміржолшы» атанған жанның жары Бүбісара Әбдіқұлқызы да салада 40 жыл еңбек еткен. Қос теміржолшының екі ұлы, үш қызы  ата-анасының жолын жалғап, бүгінде олардың балалары да теміржолда еңбек етіп жүр. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 380 жылды құрайды.  

Колледжде өткен кездесуге Рахметжан Ергешұлы бастаған әулет мүшелері келіп, жастармен тағлымды әңгіме өрбітті. Колледж әкімшілігі қонақтарға алғысын білдіріп, лайықты сый-сияпат көрсетті.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды