Ұрпақтар сабақтастығы

Аймақтар
05.11.2024, 09:10
Оқуға 1 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент станциясындағы Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының ұйымдастыруымен жуырда екі бірдей оқу орнында студенттермен кездесу өтті.

Теміржолшылармен бірге салалық оқу орындарының ұстаздары мен шәкірттері қатысқан шара алдымен Шымкент қаласындағы М.Тынышпаев атындағы теміржол көлігі колледжінде, кейіннен Арыс қаласындағы «17 колледж» МКҚК мекемесінде өтті. Шараның мақсаты – теміржолшы мамандар легін даярлау ісіне елеулі үлес қосып келе жатқан оқу орны мен өндірістік мекемелер арасында ынтымақтастық орнатып, өзара байланысты нығайту болып табылады.

– Мұндай басқосулар жас теміржолшылар мен теміржол шаруашылығындағы өндірістік мекемелердің өзара байланысын нығайта түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар білім алушылар арасында теория мен тәжірибені ұштастыруына зор мүмкіндіктер береді, – дейді «Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалы мекемесінің даму жоспарына сай ұйымдастырылып отырған шараға орай Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының басшысы Ләззат Әбутәліпқызы.  

Ақпараттық сағат форматында өткен жиында теміржолшы мамандығын игеріп жатқан шәкірттерге ел темір жолының даму тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі, технологиялық жетістіктері кеңінен таныстырылды. Ең басты құндылық ретінде даңқты теміржолшылардың ерен еңбегі мен жүріп өткен жолы, өмірбаяны жас буын өкілдеріне үлгі-өнеге ретінде айтылды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды