Станция басшылары біліктілігін арттырды

Аймақтар
26.11.2024, 09:25
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда станция басшыларының біліктілігі – бірінші кезектегі маңызды мәселе. Бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінде берері мол қызметтік дәстүр қалыптасқан. Атап айтсақ, жылдың әр мезгілінде станция басшыларының кәсіби шеберлігін шыңдап, білім-білігін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі.  

Осыған дейінгі шаралар қатарында танымдық ойын түріндегі түрлі сайыстар болса, биылғы жылы практикалық көрсетілімдер қамтылған техникалық сабақтар өткізілді. Айта кетерлігі, аталған шараны бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов пен орынбасарлары өздері өткізіп, бастан-аяқ жүргізіп шықты.

Бөлімшедегі барлық станциялар бойынша ұйымдастырылған дәрістер негізінен қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірер жайттардың алдын алуға бағытталған. Желі бойында өткен іс-шараларға кластан тыс және 1-ші, 5-ші класты станциялар басшылары толық құраммен қатысты.  

Техникалық сабақтар барысында қозғалыс қауіпсіздігіне бірінші кезекте нұқсан келтірер мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, маневрлік жұмыстар барысындағы қауіпсіздік, сұрыптау дөңесіндегі қозғалыс жиілігін реттеу, жылдамдық режимін сақтау және нормативтік-техникалық құжаттарды рәсімдеу, жылжымалы құрамдар мен құрылғыларға күтім көрсету жайлы кеңінен сөз болды. Бұл ретте тәжірибелі станция басшыларының пікірлері де тыңдалды. Мәселен, Шаған станциясының бастығы Айдос Тоқтаров, Жаңғызтөбе станциясы басшысы Азамат Нұрғалиев қызмет барысындағы тәжірибелерімен бөлісті. Мұнымен қатар кейбір техникалық құрылғылардың жұмысы және істен шығуы бойынша талдаулар да жасалды.

Сонымен қатар №971-ЦЗ бұйрығына сәйкес Аягөз станциясы бойынша ай сайынғы оқу-көрсеткіштік комиссиялық тексерулер де жүргізілді. Аталмыш іс-шараларға қозғалыс шаруашылығының барлық мамандары, телімдік ревизорлар да қатысып, қызмет барысында жиі кездесетін күрделі мәселелер қатарын талқылады. Іс-шара барысында бағыттамалы бұрмалар күтімінен бастап, қабылдап-жөнелту жолдарындағы қауіпсіздік талаптары да қарастырылды.

Мұндай шараларды өткізудің маңыздылығы зор болып тұр. Біріншіден, алдағы қатал қысқа жоғары деңгейдегі даярлықпен кіру, екіншіден өткен 10 ай бойынша бөлімше көлемінде орын алған, ревизорлық нұсқау кітабына енгізілген 213 ескерту бойынша нәтиже шығару қажет.  

Айта кетсек, осыған дейін жүргізілген тексерулер барысында 14 станция басшысына, 5 локомотив шаруашылығы басшыларына, вагон шаруашылығының 4 басшысына арнайы жаза қолданылған еді. Жыл соңында бөлімше бойынша технологиялық процестерді орындау мен техникалық сабақтардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне де тиісті деңгейде көңіл бөлінетін болады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды