Күзет мамандары үш тілді қатар меңгеруде

Аймақтар
26.11.2024, 09:30
Оқуға 2 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Мәдениетаралық коммуникациялық дағдыларды дамыту мақсатында «Әскерилендірген теміржол күзеті» ЖШС Түркістан филиалы аппаратының мамандары жыл басынан бері кезең-кезең бойынша үш тілді жетік меңгеруге бағытталған арнайы курстарда білім жетілдіруде.

Биылғы ақпан айынан бастау алған курс 4 айлық кезең бойынша жүргізілді. Алдымен ағылшын тілі, содан соң қазақ тілін оқыту тәмамдалған болса, осы күндері орыс тілін үйрету үдерісі жыл соңына дейін жалғасады деп жоспарланған. Ал сабақтарды Шымкент қаласының тілдер бойынша оқу-әдістемелік орталығының маманы өткізуде.

ӘТЖК Түркістан филилалы аппаратының өкілдері мұндай шара ҚТЖ  басшылығының бастамасы негізінде жүзеге асып жатқан жоба екенін айтады. Яғни әрбір еншілес компания өздеріндегі кіріс-шығыс құжаттарын толық қазақ тілінде жүргізілуін қамтамасыз ету үшін тіл үйрету орталықтарына жүгінуі тиіс болған. Қажеттілік туындаған жағдайда орыс және ағылшын тілін де еркін қолдану мүмкіндігі қарастырылғаны белгілі.  

– Біз Шымкент қаласының тілдерді дамыту орталығына хатпен шығып, олар тіл мамандарын біздің мекемеге арнайы жолдады. Бірнеше айға жоспарланған жоба аясында ондаған әріптесіміз үш тілді қатар меңгеріп келеді, – дейді ӘТЖК Түркістан филиалының кадр жөніндегі бөлім жетекшісі Салтанат Әмзеқызы.

Нәтижесінде мекемеде еңбек ететін әкімшілік-персонал санатындағы 10 қызметкер 4 ай бойы қазақ тілінде білім жетілдіріп, арнайы сертификат алған. Жүз пайыз қазақтілді өңірде қазақ тілін оқыту – тіл үйрену емес, құжаттық деңгейде іс жүргізуге бағытталған.    

Ал сәуір айынан бастап осы құрамға ағылшын тілін тегін оқыту курсы жүргізілген. Бұл кезеңде бірінші деңгей бойынша белгіленген мерзімде білім алып, тест тапсырған теміржолшы-күзетшілер де тиісті сертификаттарға иелік еткен. Қараша айы басталғалы ұжымда орыс тілін оқыту жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бүгінде филиал жетекшісінің тапсырмасына орай мекемедегі ішкі айналым құжаттары 100 пайыз қазақ тілінде жүргізіледі. Мыңға жуық жұмысшыдан тұратын ұжымның 98 пайызын қазақ ұлтының өкілдері құрайы.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды