Кәсіподақ төрағасы түбекке келді

Аймақтар
28.11.2024, 11:44
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«Қазақстан салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев маңғыстаулық теміржолшылармен кездесті.  

Сала қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысып, мұң-мұқтажын тыңдауға өңірге іссапармен келген кәсіподақ төрағасы бірнеше жерде болып, жергілікті теміржол мекемелерін аралады. Маңғыстау, Өзен, Бейнеу, Сай-Өтес станцияларында болып, теміржол кәсіпорындарының еңбек жағдайларымен, өндіріспен танысқан сала кәсіподағының жетекшісі еңбек ұжымдарымен де кездесулер өткізді. Басқосулар барысында жергілікті жұмысшылар кәсіподақ төрағасына көкейдегі сұрақтарын жолдап, өз ұсыныстарын да білдірді.  

Кәсіподақ мүшелері, яғни түбектік теміржолшылар ортаға салып, ұйым төрағасына жеткізген сұрақтар мен ұсыныстар еңбекақы төлеу, жұмыс орындарының жай-күйі мен жұмыс жағдайларына қатысты болды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, арнайы киіммен, шағын механикаландыру құралдарымен қамтамасыз ету және ұжымдық шартты орындау мәселелері де көтеріліп, кейбір жайттар талқыға салынды.  

О.Ахметбаев маңғыстаулық теміржолшылармен кездесуде айтылған  ұсыныстар компания басшылығына жеткізіліп, тиісті шешімі хабарланатынын жеткізді.

Кәсіпорындарды аралап, еңбек ұжымдармен кездесуден соң төраға басты теміржол мекемелері орналасқан Маңғыстау станциясында мекеме басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен жиналыс өткізді. Онда жұмысшылармен басқосуларда көтерілген мәселелер талқыға салынып, кейбір түйткілдерді шешу жолдары сөз болды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды