Тараз торабындағы келелі кеңес

Аймақтар
03.12.2024, 09:35
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Олжас АХМЕТОВ
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Дүйсенбі күні ҚТЖ басшылығының өңірлерге сапары Жамбыл облысында жалғасты. Алдымен Тараз қаласына ат басын бұрған компания жетекшілері жергілікті теміржол кәсіпорындарын аралап, аймақ ахуалымен танысты.

Жамбыл локомотив пайдалану депосына келген қонақтар байырғы депоның өндірістік нысандарын тексеріп, локомотив шаруашылығының қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығы пысықталды. Бүгінгі таңда депода машинистер және машинист көмекшілері бар барлығы 750 адам еңбек етеді.  

ҚТЖ басшылығы Тараз локомотив жөндеу депосының цехтарын да аралап көріп, тартымды жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету, доңғалақ жұптарын жөндеу мәселелері талқыланды. Ал Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясында компания басшылары ұжыммен кездесіп, қызметкерлерінің еңбек жағдайын көзбен көрді, кәсіпорынның алдағы жылғы жұмыс жоспарымен танысты. Жамбыл телімінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде дистанция жұмысының маңыздылығы атап өтілді.  

Түске қарай Тараз торабындағы барлық желілік кәсіпорындардың жетекшілері қатысқан кеңес өтіп, Жамбыл жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің, тағы басқа жауапты желілік басшылар жергілікті ахуалды баяндап, сала жұмысынан толыққанды ақпар берді.  

Компания басшылығы сондай-ақ өңірдегі ірі жүк жөнелтушілермен де кездесіп, түйінді мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Шу станциясы мен дөңестік жүйелерді дамыту мәселесі сөз болып, аймақтағы кластан тыс ірі станциясының өзекті мәселелері талқыланды. Шу сұрыптау станциясы Шу – Арыс, Шу – Алматы, Шу – Мойынты үш бағытында жұмыс істейді. 2024 жылы станция бойынша жүк пойыздарын қабылдау тәулігіне 78-88 жұп пойызды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 7-8 жұпқа көбейген. Жыл басынан бері транзиттік ағын да артқан. Технологиялық процестерді жақсарту және Шу станциясында пойыздарды өңдеу уақытын жеделдету үшін Шу станциясының транзиттік паркінде бұрын бөлшектелген қабылдау-жөнелту жолдарын, дөңесалды паркіндегі жүріс жолын қалпына келтіру қарастырылуда. Сондай-ақ сұрыптау паркінің жолдарын байланыс желісімен және т.б. жабдықтау ұсынылды.  

Станцияда осы іс-шараларды іске асыру пойыздарды өңдеу уақытын 10%-ға дейін қысқартуға, локомотив паркін тиімді пайдалануға және оның өнімділігін арттыруға, вагон ағындарын реттеуге және жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға әсер етеді.  

Ал барлық желілік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен өткен дәстүрлі кездесуде компания басшылығы Тараз торабы жұмысшыларына өңірдегі теміржол көлігін дамытуға қосқан сүбелі үлестері үшін алғыс айтты. Әрбір қызметкердің жұмысының маңыздылығы атап өтілді. Бірқатар үздік теміржолшылар Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай марапатқа ие болды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды