ҚТЖ басшылығы Алматы теміржол торабындағы кәсіпорындарды аралады

Аймақтар
03.12.2024, 20:04
Оқуға 2 мин

Компания басшылығының аймақтарға жұмыс сапары Алматы теміржол торабы кәсіпорындарын аралаумен жалғасты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚТЖ басшылығы магистральдық желі дирекциясының ірі материалдық-техникалық базаларының бірінің өндірістік алаңдары, қоймалары, кіреберіс жолдарын тексерді.

Сондай-ақ жұмыс сапары кезінде ҚТЖ басшылығы Алматы-2 логистикалық кешенінің құрылыс барысымен танысты.  

Бүгінгі таңда инженерлік-геодезиялық және геологиялық іздестіру жұмыстары жүргізіліп, демонтаж бойынша жұмыстар басталды.  

Ауданы шамамен 10 гектар болатын терминал аумағында заманауи жабық (24 500 м²) және ашық (12 000 м²) қоймалардың, сонымен қатар контейнерлік алаңдардың (12 000м²) құрылысы қарастырылған. Жобалық қуаты 57 мың ЖФЭ кешен құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру Алматы қаласы мен Алматы облысының жүк жөнелтушілері үшін импорттық хаб режимінде ҚХР-дың іс жүзінде барлық өңірлерінен жүктерді жоғары деңгейде үйлестіруге мүмкіндік береді.

Компания басшылығы Оңтүстік-Шығыс аймағы бойынша пойыздар қозғалысын басқарудың Өңірлік орталығына барды. (Алматы ПБӨО-2). ПБӨО-2 Алматы, Шымкент, Жамбыл және Семей бөлімшелерінің диспетчерлік орталықтарын біріктіреді, жолдың эксплуатациялық ұзындығы 4450 км.

Кездесу барысында пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуде ПБӨО-2 мекемесінің әрбір қызметкеріне жоғары жауапкершілік жүктелетіні атап өтілді.

 

Алматы магистральдық желі және жүк тасымалы бөлімшелері басшыларымен өткен жиналыста қауіпсіздік деңгейін арттыруға ерекше басымдық берілді. Сонымен қатар, өндірістік қызмет, еңбек жағдайы, әлеуметтік жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Кейін компания басшылығының өңірге жұмыс сапары барысында Алматы торабы теміржол кәсіпорындары ұжымдарының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Басшылық теміржолшыларды Қазақстан темір жолының 120 жылдығымен құттықтап, теміржолшы мамандығының маңызы мен әрбір қызметкердің саланы дамытудағы үлесін атап өтті. Кездесу кезінде ерен еңбегімен көзге түскен жұмыскерлер мен сала ардагерлеріне марапаттар табысталды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды