Тәлімді тренинг Қызылордада жалғасты

Аймақтар
06.12.2024, 08:58
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Білім экспресі» Қызылордаға да жетті. Сексеуіл станциясында өткен екі күндік трениг «Тиімді коммуникация, Стресске қарсы тұру, Жанжалды басқару, Эмоционалды интеллект» тақырыбына арналды.

Ұлттық компанияның кадр мамандары өткізген тренингке бөлімшенің барлық құрылымдарынан 60-қа жуық қызметкерлер қатысты. Алғашқы күні Сексеуіл жол дистанциясында, екінші күні Сексеуіл локомотив пайдалану депосында ҚТЖ-ның ішкі тренерлері Алма Сәулебаева – коммуникациялық тиімділік, Бекзат Кәрімхановпен бірлесіп – Стресске, психологиялық күйзеліске төзімділік, Катаева Гүлнар – конфликтіні басқару тақырыптарында лекция-сабақ өткізіп, теміржолшылардың қызу талқылауына түскен сауалдарды саралап, осындай ситуациялардың шырмалған шеңберіне тап болған жағдайларда оның әсерінен шығу жолдарын түсіндірді.  

– Қатысушылардың тыңдауға, үйренуге деген құлшынысы өте жоғары болды. Біздің арнайы дайындап алып барған жұмыс жоспарымызды тез ұғынып, меңгере білуі, түсіне отырып әрбір жаттығуға белсене қатысып, жауап беруі қатысушылардың жоғары деңгейін көрсетті. Теміржолшылар тарапынан осындай тренингтерді жыл сайын кемінде үш күндік мерзіммен өткізсе деген ұсыныс-пікірлер болды, – дейді Бекзат Кәрімханов.  

Тренингті ұйымдастырушыларға алғыс білдіргендер қатарында Сексеуіл жол дистанциясының жол инженері Қуаныш Ақтілек тәлімі мол тағлымды шарадан көп нәрсе үйренгенін жеткізді.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады