Теміржолдың қорғаны мен қалқаны

Аймақтар
10.12.2024, 09:10
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Стратегиялық объектілер мен теміржол көлігімен тасымалданатын жүктердің сақталуын ғасырдан аса уақыт қамтамасыз етіп келе жатқан құрылым кезекті туған күнін атап өтті.

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Ақтөбе филиалында өткен шарада сөз сөйлеген мекеме директоры Сарыбай Сәрсенов күзет қызметі теміржолдың қорғаны мен қалқаны деді.  

«Өзінің бір ғасырлық тарихында теміржол күзеті алуан түрлі қиын кезеңдерді бастан өткізді. Сонау патшалық Ресейдің кезінде құрылған бұл қызмет сол кездің өзінде өз міндетін адал атқарып, жол бойындағы ұрлық-қарлық, алыпсатарлық пен бандитизмге, жүктерді рұқсатсыз тасымалдауға және пойыздарда билетсіз жол жүруге қарсы күрес жүргізді. Ұлы Отан соғысы, Кеңес одағының ыдырауы секілді елеулі тарихи оқиғалардың салдарынан бұл сала сан рет құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Егемендік алған 90-шы жылдардан бастап Әскерилендірілген теміржол күзеті тәуелсіз Қазақстанның темір жолының құрамында жұмысын жалғастырды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыстар, нарықтық жүйеге ауысу да күзет қызметінің жаңаша сипатқа ие болуына әсерін тигізді», – деді өз сөзінде Сарыбай Жанғалиұлы.  

2001 жылғы 22 қыркүйекте үкіметтің шешімімен «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Қазіргі заман талаптарына сай болып жатқан құрылымдық өзгерістерге байланысты 2020 жылдан бастап «Әскерилендірілген темір жол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып саналады. Бүгінгі таңда «ӘТЖК» ЖШС – магистраль объектілерінің қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктердің ілеспе күзетін және сақталуын қамтамасыз ететін Қазақстанның көпфункционалды ірі күзет ұйымдарының бірі. Серіктестіктің Республикамыздың барлық аумағын қамтитын 11 филиалы бар. Солардың бірі – Ақтөбе филиалының қызмет көрсету телімінің жалпы ұзындығы – 2040 шақырым. Оның ішінде 165 шақырым темір жол Ресей федерациясы арқылы өтеді. Филиалға қарасты 8 атқыштар командасы, 3 атқыштар тобы мен жедел әрекет етуші оңтайландырылған тобымен қамтылған. 1 атқыштар командасы теміржол көпірінің күзетін қамтамасыз етеді. Барлық атқыштар командалары заманауи компьютерлік техникамен, жеке құрам нысанды киім-кешекпен, мобильді байланыспен жабдықталған.  

Салтанатты жиында өз міндетіне адал күзет қызметінің сарбаздары марапатқа ие болып, кәсіподақ ұйымы тарапынан сыйлыққа кенелді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды