Үздіктер мерейі үстем болды

Аймақтар
19.12.2024, 12:38
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде мерекеге орай салтанатты шара өтіп, оған өңірде еңбек етіп жатқан теміржолшылар мен  ардагерлер қатысты.  

Бөлімше бастығы Аслан Базарғалиев көпшілікті тәуелсіздік күнімен құттықтап, биылғы жылдың бөлімше үшін жаман болмағанын алға тартты. Негізгі көрсеткіштер мен жүк тасымалы көлемі ойдағыдай орындалып, қаржылай түсім де жақсарды. Бұл әрине өңірде еңбек етіп жатқан барша теміржолшылардың елеулі еңбегінің арқасы, ұжымдардағы бірлік пен ынтымақтастықтың нәтижесі.  Атаулы күнге осындай жақсы нәтижемен жетіп отырған теміржолшылар отбасына мықты денсаулық, амандық, табыс пен молшылық тілеген басшы бірқатар теміржолшыларға марапат табыс етті. Олардың қатарында  бөлімшенің экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы А.Айбарова, Атырау вагон депосы персоналмен жұмыс бөлімі менеджері А.Ахбержанов, Махамбет станциясы бастығының орынбасары С.Төлегенов, Мақат локомотив депосының есепшісі О.Қаспаева «Үздік маман» белгісімен, Ганюшкино станциясының еңбек қорғау инженері Қ.Жанбуриева, Мақат локомотив депосының инженері С.Есенғужин, Атырау локомотив депосының тасымал құжаттарын өңдеу операторы С.Ольшанская «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен, бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары Н.Матаева, Атырау станциясының кезекшісі А.Алагузов, Мақат техникалық қызмет көрсету пунктінің электромонтері М.Кузекешов, Атырау локомотив депосының бөлімше шебері Ж.Утепов, Мақат локомотив депосының машинисі М.Жарылғасов «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен және 32 адам «Қазақстан темір жолына-120» медалімен марапатталды. Олардың арасында пойыз құрастырушы, станция бастығы, жүк кассирі, кәсіподақ қызметкері, вагон жөндеуші, т.б. бар.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды