Марапатқа лайық жандар

Аймақтар
19.12.2024, 12:49
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздік мерекесіне орай түбек теміржолшылары түрлі марапатқа ие болды. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде өткен салтанатты жиында аймақтың бас теміржолшысы көпшілікті мерекемен құттықтап, наградаларын табыс етті.    

Бөлімше бастығы өз сөзінде сонау тоқсаныншы жылдардың қиын-қыстау кезеңдерінен түбек теміржолы абыроймен өткенін, ол кездері Маңғыстау теміржолы тұйық жол болса, Тәуелсіздіктің арқасында соңғы отыз жылда қарыштай дамып, инфрақұрылымдар нығайып, қазір тоғыз жолдың торабына айналғанын атап өтті. «Егемендікпен жеткен игіліктердің нәтижесінде біздің өңір Қиыр Шығысқа, кейін Еуропаға шығатын үлкен қақпаға айналды. Теңіз порты арқылы бүгінде жүктер жан-жаққа тасымалдануда, өңірден өтетін жүк көлемі жылдан жылға артуда, оған теміржолшылардың қосып отырған үлесі мол. Сондықтан сіздердің әрқайсыңыз бүгін марапатқа лайықсыздар», – деді Нәжімеден Ғұбашов.

Кезек марапаттау рәсіміне жетіп, Маңғыстау станциясының жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы Әсемгүл Түйешиева мен  Маңғыстау станциясында ТҚКП вагон қараушы-жөндеуші Байрамбай Тыныштықов «Адал еңбегі үшін», Бейнеу станциясында ТҚКП нұсқаушысы Қайрат Лұқманов пен инженер-технолог Серік Алмажановқа «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілерімен марапатталды.  Әлеуметтік және еңбек қатынастары жөнінен инспектор қызметін атқарып жүрген Эльвира Қалымбетова, Мөлдір Абаева, Тілектес Қаулабаева «Үздік маман» атанды. Тағы біраз адам «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Кәсіподақ ұйымы төрағасының Құрмет грамотасын және «Қазақстан теміржолына-120 жыл» медалін алды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды