Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Аймақтар
23.12.2024, 18:35
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкенттегі магистралдық желі бөлімшесінде «Тіл – біздің тұтастығымыз» тақырыбында өңір теміржолшылары арасында семинар-байқау өтті.  

Ел тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай Ұлттық компания басшыларының арнайы бұйрығы негізінде ұйымдастырылған шараға жергілікті бөлімше қызметкерлері мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филилалының ұжымы атсалысты.  

Аймақтағы теміржол саласында тер төгіп жүрген 9 маман бақ сынаған байқауда тіл білуден бөлек, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді білуіне және оның күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолданылуына қатысты амал-әрекеттер сынға түсті. Бая-аяғы 5 кезеңнен құралған жиын аясында қатысушылардың қарым-қабілеттері, өзін-өзі таныстыру мен салт-дәстүрді қаншалықты меңгергені сыналды. Сондай-ақ мақал-мәтел жарысы мен теміржол саласындағы кейбір термин сөздердің аудармасын білуі іс-жүзінде тапсырма орындату арқылы анықталды.

– Осы аталған төрт бағыттан бөлек, тең түскендердің ішінен үздіктерді анықтау мақсатында біз бесінші пункт ретінде еркін тақырыптағы өнер көрсету кезеңін қостық. Жалпы, мұндай шара өңір теміржолшылары арасында ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттай түсеміз. Сонымен қатар бұл байқау өңір теміржолшыларын бір сәт сергітетін тамаша байқау болды, – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалының жетекшісі Нағима Салықбаева.

Жалпы тапсырма орындау мен сұраққа жауап беріп, қосымша өнер көрсету нәтижесінде ұпай санымен І орынды Арыс сигнализация және байланыс дистанциясының аға электромеханигі Қияс Тұрарұлы алды. Ал ІІ орынға Арыс вокзалының анықтама беру жөніндегі кезекшісі Ұлбала Мүслімқызы лайық деп танылса, ІІІ орын Шымкент жол дистанциясының учаске бастығы Алтынбек Исабекұлы мен Шымкент сигнализация және байланыс дистанциясының аға инженері Гүлмира Әбдімәлікқызына бұйырды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады