Арыс қаласының әкімі теміржолшылармен кездесті

Аймақтар
24.12.2024, 09:26
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев теміржолшылармен кездесті. Арыс станциясының ғимаратында өткен шараға әкімшілік қызметкерлері мен теміржол мекемелерінде тер төгіп жүрген қала тұрғындары қатысты.

Кездесуде Арыс қаласының тыныс-тіршілігі мен өсіп-өркендеуі, даму жолындағы жоспар-жобалардың жүзеге асуы, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелердің шешілу жолдары да кеңінен талқыланды.  

– Арыс теміржолшылар қаласы екені баршамызға белгілі. Сондықтан біз сіздермен бірге туған қаламызды көркейтіп, кейбір проблемаларды шешудің жолдарын қарастырайық деп жиналып отырмыз, – деді қала әкімі.  

Сонымен қатар шаһар басшысы бүгінде қала тұрғындарының жалпы саны 45 мыңға жуықтайтынын, оның ішінде 5 мыңнан астам азамат Арыс қаласында орналасқан ірілі-ұсақты теміржол мекемелерінде еңбек ететінін атап өтті.  

Басқосуда теміржолшылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, жауабын салаға жауапты мамандардан алды. Соның ішінде жергілікті теміржолшыларды толғандырған негізгі мәселенің бірі табиғи газға қосылу жайы болды. Бұдан бөлек, көше жарықшамдары, бағдаршамдарды қалпына келтіру т.б мәселелер көтерілді.  

Әкім барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер заң аясында шешілетінін және тиісті жұмыстардың жүргізілетінін жеткізді. Қала әкімі Арыс станциясының іргесінде орналасқан теміржолшылар музейін де аралап көріп, мұражайды жастар мен оқушылардың сүйікті орнына айналдыру керектігін айтты.  

Бұл музей қала тарихын зерттеп-білуге құштар жандар үшін баға жетпес мәдени ошақ болып табылады. Оның үстіне мұндағы құнды жәдігерлердің басым бөлігі теміржол тарихынан сыр шертеді. Сол себептен де мұнда мыңнан астам экспонаттан құралған арнайы «Теміржолшылар залы» жасақталған. Ал жалпы музейде 5 мыңнан астам экспонат бар.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда