«Еңбекті қорғау жылы» қорытындыланды

Аймақтар
26.12.2024, 15:49
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл облысы Магистральдық желі дирекциясы  2024 жыл – еңбекті қорғау және технологиялық процесті сақтау жылы деп жарияланғаны белгілі. Жыл ішінде атқарылған жұмыстар Шу қаласында өткен екі күндік республикалық семинарда қорытындыланды.

Оған «ҚТЖ» ҰҚ АҚ» «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдарының және жол дистанцияларының бас инженерлері қатысты. Семинардың ашылуында Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мейрамбек Кенжебаев сөз сөйлеп, теміржолшылардың еңбек қауіпсіздігін сақтау, қауіп-қатерлердің алдын алу жолдары туралы айтып өтті.  

– Теміржолдың қауіпті аймақ саналатыны баршаға мәлім. Сондықтан теміржолшылар әр уақытта тосын жағдайлар туындай қалғанда қандай нұсқаулықтар бойынша әрекет етуі керек екенін білуі тиіс. Қауіп-қатерлерге қарсы күресті күшейту және жарақаттанулардың алдын алу үшін біз теміржол бойында орын алған келеңсіз жағдайлардың неден туындағанын толық зерттеп, зерделеп, кемшіліктерді жою жолдарын табуымыз керек, - деді Мейрамбек Сермағанбетұлы.

Екі күнге созылған семинарда сала мамандары мен әр өңірден келген филиалдың бас инженерлері баяндама жасады. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология секторының бөлім басшысы Көбейсін Әбжами семинардың күн тәртібі және қауіпсіздік талаптарымен таныстырып өтті.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Ғ.Ағытаев 2014-2024 жылдар аралығындағы орын алған өндірістік жарақаттардың себебі мен салдары туралы, ПЧ-52 Түлкібас жол дистанциясының жетекші инженері С.Қуанышбаев өндірістік жарақат жағдайында алғашқы медициналық көмек көмек көрсету жолдары, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары Ж. Бекмұрзаев пен А.Бибол еңбек қауіпсіздігін сақтау бағытында қабылданған нұсқаулықтар мен қаулыларға енгізілген өзгерістер жайында айтып өтті.

Сондай-ақ Қостанай, Шымкент, Павлодар магистральдық желі бөлімшелерінің бас инженерлері А.Спанов, Р.Сүлейменов, К.Оспанов, Жол және құрылыс департаментінің менеджері А.Мешітбаева, Жылжымалы құрам және механикаландыру департаментінің менеджері М.Құлмағамбетов баяндама жасады. Ал семинардың ашық диалог алаңында мамандар талаптар мен өзгерістер, жұмыс жүйесі, қауіп-қатердің алдын алу жолдарын талқылады.  

–  Семинардың екінші күнінде қатысушылар Шу машиналандырылған жол дистанциясына барды. Дистанция бастығы П.Уткелбаев жұмыс жүйесімен таныстырып өтті. Ал Шу жол дистанциясындағы еңбек жағдайын бас инженер Б. Сабырхан баяндады. Шу электрмен жабдықтау дистанциясының бас инженері Б.Мұсақұлов пен оқу шебері Д.Татарченоко шеберлік сағатын өткізді. Осылайша, еңбекті қорғау және технологиялық процесті сақтау жылы теориялық және практикалық бағытты қатар қамтыған іс-шарада қорытындыланды, - дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология секторының бөлім басшысы Көбейсін Ақтанұлы.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті