Оқушылар темір жолмен танысты

Аймақтар
31.01.2025, 09:07
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аумағында Көліктегі қауіпсіздік жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның аясында мектеп оқушыларына «Темір жол – аса қауіпті аймақ!» тақырыбында дәріс оқылып, темір жолға танымдық саяхат ұйымдастырылды.

23-25 қаңтар аралығында өткен шара аясында желілік полиция өкілдері мектеп оқушыларымен кездесіп, теміржол аумағында жарақаттанудың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбында Мұнайлы аудандық №1 жалпы білім беру мектебінің оқушыларына арнайы дәріс өткізді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына Маңғыстау теміржол вокзалына танымдық саяхат ұйымдастырып, темір жолдағы қауіп-қатермен таныстырып, жол белгілерінен түсінік берді.

– Профилактикалық жұмыстар барысында оқушыларға темір жолдың белгіленбеген жерлерінен өтуге болмайтыны ескертіліп, темір жолға жақындағанда құлаққапты шешу керегін, онымен жолдан өтемін деп өміріне қауіп-қатер туындатпау туралы жан-жақты ақпарат берілді. Темір жолдың арғы бетіне өту үшін қандай белгілерді басшылыққа алу керектігі көрсетіліп, ескертпе буклеттер таратылды. Мектеп оқушыларымен мұндай профилактикалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады, – дейді Маңғыстау ст. ЖПБ ӘПб профилактика инспекторы А.Тойлыбаева.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды