Ақтөбеде рельс шығаратын тағы бір зауыт салынады

Аймақтар
10.02.2025, 11:25
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде рельс шығаратын жаңа кәсіпорын құрылысын бастау қолға алынды. Ірі инвестициялық жоба 2026 жылы іске қосылады. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлады.  

«ПЗТМ LTD» ЖШС Қызғалдақты станциясында рельс дәнекерлеу кәсіпорны салынады. Өңір билігі онда жылына 825 км рельс өндіруді жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны – 21,4 млрд теңге, нәтижесінде 250 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Жоба аясында инвесторлар мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы арасында дайын өнімді жеткізу бойынша оффтейк келісімшарты бекітілген. Қазіргі таңда қажетті жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Кәсіпорын 2026 жылы толық іске қосылады. Бұл жоба өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, теміржол инфрақұрылымын дамытуға серпін береді» деп хабарлайды әкімдік.

Сондай-ақ кәсіпорын жаңа жұмыс орындарының ашылуына, аймаққа инвестиция тартуға және өндірістің заманауи технологиялармен жабдықталуына ықпал етеді деп күтіледі. Жобаның жүзеге асырылуы теміржол көлігінің тиімділігін арттырып, Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді деп болжануда.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды