Студенттер теміржолшы мамандығымен етене танысты

Аймақтар
17.02.2025, 11:31
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде «Еңбекпен тапқан бақытын» атты тағлымды іс-шара өтті.

«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылған шараға

Жамбыл локомотив пайдалану депосының машинисі Жандос Қарғабаев, Тараз вокзалының, Тараз станциясының білікті мамандары Назым Бейсенова мен Нигора Сәрсекеева қатысып, болашақ теміржолшылар алдында сөз сөйледі. Бұлардың бәрі кезінде осы оқу орнынан түлеп ұшқан түлектер екен. Басқосуда студенттерге кеңес беріп, тәжірибелерімен бөліскен теміржолшылардың айтуынша, еңбек нарығын жұмысшы мамандықтарсыз елестету мүмкін емес. Соның ішінде теміржолшы мамандығының рөлі басым. Ел экономикасының күретамыры саналатын салаға мамандар даярлау да, бұл салада еңбек етіп, сенім мен жауапкершілік үдесінен шыға білу де оңай емес.  

– Сондықтан осы салаға табан тіреп, теміржолшы болуға бел буған екенсіңдер, болашақта кәсіптеріңді терең меңгеріп, мамандықтарыңның шебері болуды мақсат етіңдер. Сонда ғана өз орындарыңды тауып, өздеріңе сенімді болып, еңбектің жемісін көресіңдер, – дейді машинист Жандос Қарғабаев.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде жастардың аға-әпкелеріне қойған сұрақтары да аз болмады. Студенттер теміржол саласында жастар саясаты шеңберінде қандай қолдау-көмектер көрсетілетінін білді. «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ бастамасымен жастар саясаты шеңберінде түрлі өңірлік, республикалық кеңестер, форумдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп тұратыны айтылды.    

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті