Сексеуіл локомотив пайдалану депосында тәртіп талқыға түсті

Аймақтар
17.02.2025, 17:51
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Батырхан Базарбаев басқаратын Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Сексеуіл локомотив пайдалану депосында станциядағы құзырлы орган өкілдері кеңейтілген жиын өткізіп, ұрлық-қарлыққа қарсы күресті күшейту жайын талқылады.

Депо бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Еркебұлан Аяғанов алғашқы сөз кезегін алып өткен жылы орын алған жанармай ұрлығы туралы баяндады. Кінәлілер құқық қорғау органдары тарапынан құрықталып, тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. Мұндай келеңсіздіктердің қайталанбауын қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жүргізіліп жатқанын айтып, теміржолшылардың жауапкершілігін арттырудың және бақылауды күшейтудің маңыздылығына тоқталды.  

Жиында «ҚТЖ-ЖТ» серіктестігі Басқарма төрағасының орынбасары Т.Алдыбергеновтің 2025 жылғы 12 ақпандағы №006А жеделхаты таныстырылды. Құжатта қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, жанармай ұрлығына қарсы күрес және жауапкершілікті арттыру міндеттері көрсетілген. Құқық қорғау органдары тарапынан жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы Ақбар Бекниязов пен желілік полиция бөлімшесінің аға сержанты Жеңісбек Сағынаев сөз алып, кез келген қылмыс, құқықбұзушылық болсын, заң алдында жауапқа тартылатынын ескертті. Олар теміржол нысандарында тәртіпті сақтау мен заң бұзушылықтың алдын алу үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Отын ресурстық орталығы» филиалы Сексеуіл отын қоймасының шебері Ақылбек Аяпов қоймадағы отынның қатаң бақылауда және есеппен босатылатынын атап өтті. Оның айтуынша, қауіпсіздік шаралары мен есеп жүйесі отынның заңсыз пайдаланылуына жол бермейді.

Жиында сөз алған ТҚК-2 ауысым жөндеушісі Рысбай Рзағазиев пен аға шебер Сайфғали Балтамбаев депо ұжымы үшін абырой бәрінен жоғары екенін, сол себепті кез келген құқық бұзушылық әрекеттерге жол берілмейтінін мәлімдеді. Олар заң талаптарын мүлтіксіз орындап, ұрлық фактілерінің нөлдік деңгейін ұстанатындықтарын жеткізді.

Еркебұлан Аяғанов әсіресе теміржолшылар арасында ұрлықтың жолын кесу маңызды екенін айтты. Ол үшін  жанар-жағармайды қатаң есепке алу, бақылау мен тексеруді жүйелі түрде жүргізу қажет. Бұл теміржолшылардың жауапкершілігін арттырып, ұрлық жасаудың мүмкіндігін азайтады. Депоның абыройын сақтау тек техникалық бақылаумен ғана емес, сондай-ақ теміржолшылардың моральдық жауапкершілігін арттыру арқылы мүмкін болады деп санайды өндіріс жетекшісі.    

Жиын жанар-жағармай ұрлығының алдын алу үшін арнайы шаралар қабылдап, бақылауды күшейту және жүйелі түрде тексерулер жүргізу қажет деген ұйғарым жасады. Бақылау мен тексеру қатаңдатылып, машинистер қауымының ұрлық-қарлық жасауына жол бермеу, еңбек қауіпсіздігін сақтау, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында кешенді жұмыстар күшейтілмекші.

Жаңалықтар
14.10.2026
ҚТЖ Translogistica Kazakhstan-да
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр