Атырау станциясында қуат қондырғылары жаңарды

Аймақтар
18.02.2025, 11:20
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау станциясында соңғы отыз жыл бойына қолданылып келе жатқан қуат қондырғыларын жаңарту жұмысы жасалды. Телімдегі қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жұмысқа станциядағы барлық құрылым атсалысып, арнайы толаскез аясында жұмыла жұмыс істеді.

Атырау белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Ербол Нұрмановтың айтуынша, станциядағы қуат көздері панельдері жаңартылып, оның жұмысы бұрынғыдан да жақсара түспек. Айтуынша, 320-514 км аралығындағы жұп және тақ бағыттағы жолдарда тоқ көзі түгелдей ажыратылып, бұрынғы ПВ-1, ЭЦК, ПРББ, ПВ-220, ПВ-24 қондырғылары жаңа типтегі ППЭЦ-70 түріне ауыстырылды. Сол себепті 12-16 қараша аралығында ЭЦ постындағы барлық СОБ құрылғылары өшіріліп, Атырау – Махамбет, Атырау – Теңдік, Атырау – Ақжайық аралығындағы автобұғаттау, 515-шақырымдағы өткел автоматикасы жабылған.  

Сонымен қатар бұрынғы функцияларымен қоса ол енді автоматты түрде қосылатын және оны бақылайтын операциялармен толықтырылған. Мәселен, бір фидер ажыратылған жағдайда екіншісі, егер ол да ажыратылса, дизельді агрегат автоматты түрде іске қосылып, станция жолдары қуат көзімен үнемі қамтамасыз етіліп отырады. Осындай жұмыстар жүріп жатқанына орай жұп және тақ бағытта жүретін пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық жұмыстар қолмен атқарылып, оны атқаруға ПЧ, ШЧ, вагон, локомотив деполары, станциялар қосымша адамдар бөлді. Яғни пойыз құрастырушы, вагоншы, жолшы, машинист, т.б. мамандықтар бойынша адамдар тартылып, барлығы «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» дегендей әрекет еткен.  

– Толаскез кезінде станцияда барлық жұмыстар қолмен атқарылып, барлық құрылымдар атсалысты. Бұрын электрлендірілгендіктен бұрма, бағдаршам, табло, т.б. жұмыстарға қам жемейтінбіз. Енді бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп, электр қуатынсыз жұмыс істеуге тура келді. Станцияда 4 пост құрдық, сол бойынша барлық бұрмалар қолмен атқарылып отырды. Басқа станцияларда да бағдаршам, бұрмалар, жалпы, қуат көзіне тәуелді жұмыстардың барлығы сол кезде қолмен жасалып, 5 күнге жоспарланған жұмыс 3 күнде мерзімінен бұрын аяқталды. Үлкен сыннан абыроймен өттік. Жұмыс барысында электрлік орталықтандыру құрылғыларының қоректендіру кабельдері мен трансформаторлары жаңарды. Енді ол болашақта ақаулардың аз болуына себепші болады. Алда-жалда бір ақау болған жағдайда ол ақаудың тарихы толықтай жазылып қалады. Станцияда 65 бұрма бар, солардың бәрі «толаскез» кезінде толықтай қолмен жасалды. Ал дөңес толық тоқтады. Вагондарды дөңестен жібермей, тепловозбен жай-жай итеріп отырып жұмыс жасаған ТЧЭ-3, ТЧЭ-4 деполарының машинистері кәсіби шеберлік танытты. Сондай-ақ Мақат, Ганюшкино, Құлсары станцияларына пойыздарды реттеп жіберіп отырды. Қондырғыларды жаңарту, ауыстыру жұмыстары 14 ақпан күні сағат 17:45-те толық тексерістен өткізіліп барып аяқталды, – дейді Атырау станциясының бастығы Бекжан Жиенбетов.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты