Теміржолшы мамандарын дайындайтын екі оқу орны меморандум жасасты

Аймақтар
27.02.2025, 11:13
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай теміржол саласын кәсіптік-техникалық білімі бар орта буын мамандармен қамтамасыз етіп келе жатқан Тараз және Қарағанды колледждері өзара іскерлік байланыс туралы келісім жасасып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қарағандылық әріптестер ғасырға жуық тарихы бар Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің жұмысымен танысып, тәжірибе алмасу үшін Жамбыл жеріне арнайы келді. Арқадан келген оқытушылар Тараз колледжінің материалдық-техникалық базасына қызығушылық танытты. Олар тәжірибе алаңындағы виртуалды жаттығу құрылғыларының жұмысымен танысып, оқу процесінде пайдаланудың тиімділігі көп құрылғы қызметіне тәнті болды. Ол теориялық білімді практикада қолдануға мүмкіндік береді. Нәтижесі де жоғары. Қарағандылықтар құрылғыны сатып алып, білім беру үдерісіне енгізетіндерін айтты.

Қос колледждің басшылары теміржолшы мамандарды даярлауда бірлесе жұмыс жасауға, теориялық және тәжірибелік біліммен алмасуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарда ұзақ мерзімді, тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

Қарағанды теміржол колледжінің іргесі 1965 жылы қаланған. Алғаш №139 қалалық кәсіби-техникалық училище болып ашылған. Қазіргі таңда онда 427 студент білім алуда. Конкурс бойынша теміржолшы мамандықтарына бір орынға 2 адамнан келеді. Жалпы 29 педагог және 21 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді.

Ал Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжі – Жамбыл облысындағы ең көне оқу орындарының бірі. Түрксіб құрылысы басталғанда, салаға бейінді мамандарды даярлау мақсатында алғаш 1930 жылдардың басында кәсіптік мектеп болып ашылған. 1940 жылы Жамбыл теміржол училищесі болып қайта құрылды. Бүгінгі күнге дейін колледж 50 мыңнан астам маманды даярлап шығарған.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды