Өрт сөндіру пойызы көмекке келді

Аймақтар
06.03.2025, 09:22
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен сенбінің кеші семейліктер үшін біршама қарбаласқа толы болды. Семей станциясының дәл іргесіндегі астық өңдеуші компанияның аумағында күнбағыс тұқымын сақтайтын қоймада үлкен өрт орын алды.  

Оқиға орнына дереу жеткен жеке құрамның 65 адамы мен 24 техника қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстарын барынша қауырт жүргізгенімен, апат ошағына өрт сөндіру пойызының көмегі қажет болды.  

Белгілі болғандай, қоймада сақталған 500 тоннадан асатын күнбағыс өнімі өртенген. Жылдам жанатын өнім қатты түтіндеп әрі өте қызулы болғандықтан сөндіру жұмыстары қиындық тудырды. Аумақты, қала аспанын қою түтін басты.

Кешкі 19:00-де тілсіз жау ошағына Семей станциясының өрт сөндіру пойызы келіп жетіп, барлық қажетті көмек түрлерін көрсетті. Өртті сөндіруге жалпы көлемі 200 тонна су жұмсалынды.  

Төтенше жағдайлар қызметі мен теміржолшылардың жұмыла жұмыс жүргізуінің нәтижесінде қызыл жалынның жақын маңайдағы өзге ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Әйтсе де, күш алған өрт, қою түтін, ғимарат конструкциясының күрделілігі өшіру жұмыстарын біршама қиындатты. Түнгі 00:13-те тілсіз жауы толықтай сөндірілді. ТЖМ қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, апат аумағы 1600 шаршы метрді қамтыған. Зардап шеккендер тіркелмеді. Шығын көлемі есептелуде.  

Ал жақын маңайдағы Семей станциясының ғимараты мен станция паркіне, теміржол нысандарына ешқандай залал келген жоқ. Қызмет барысы штаттық режимде жүргізілді. Жылжымалы құрам қозғалысына да еш нұқсан келмеді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды