Теміржолшылар «Қазақша Quiz» жүлдегері

Аймақтар
06.03.2025, 09:34
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар облыстық «Қазақша Quiz» интеллектуалдық ойынына қатысып, жүлделі орынды иемденді.

Абай облыстық лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай аймақтағы іргелі ұжымдар арасында өткен шараға семейлік теміржолшылар «Асыл сөз» командасын үкілеп жіберді. Интеллектуалдық сайысқа жергілікті ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ТЖМ, облыстық Қан орталығы, республикалық Абай мұражайы, Назарбаев зияткерлік мектебі сынды алпауыт мекемелердің ұжымдары қатысқандықтан кіл мықтылар арасынан жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады.

Десек те, осыған дейін де сан түрлі білім бәсекелеріне қатысып, қоржынға жүлде салып жүрген теміржолшылар намысты қолдан бермеді. Қойылған логикалық сұрақтарға жауап беруде ТЧЭ-24 мекемесінің кадр бөлімінің маманы Ардақ Тергемесова бастаған теміржолшылар тапқырлық таныта білді.

– Сайыс барысында теміржол саласында да ана тілі үстемдікке ие екендігін дәлелдеп, біздің қызметте де қазақ тілінің қолданыс аясы кең екендігіне көпшіліктің көзін жеткіздік. Сан түрлі сауалдарға жауап беру үшін ұлттың таным-түсінігіне лайықталған логикалық сұрақтардың шешімін таба білуің керек. Ал, біз техникалық сала болсақ та ұлт руханиятына қатысты сауалдарға жауап таба білдік, – дейді Ардақ Тергемесова.

Осылайша семейлік теміржолшылардың «Асыл сөз» командасы «Қазақша Quiz» интеллектуалдық ойынында жүлделі үшінді орынды иемденіп, Алғыс хатпен және арнайы жүлдемен марапатталды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды