Жұмыста әріптес, отбасында жарым...

Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің Жосалы теміржол вокзалының ұжымы негізінен гүлдей құлпырған қыз-келіншектерден құралған. Солардың бірі теміржолшылар әулетінің жарқын өкілі – вокзал басшысының кезекші көмекшісі Эльмира Құшманова.    

Жалғыз Жосалы емес, Қазақстандағы барлық вокзалдарда жолаушы қызметінде әйелдер қызмет атқаруда. Нәзік жандардың теміржол саласындағы рөлі орасан. Үйде де, түзде де таразы басын тең ұстап, вокзалдарда, станцияларда, дистанциялар мен  деполарда, жолаушы пойыздарында, кеңселерде ерлермен қатар еңбек етіп жүрген жүздеген Эльмиралар оның жарқын мысалы.    

Эльмира теміржол саласындағы еңбек жолын 2003 жылы осы Жосалы вокзалында билет кассасының жинақтаушысы болып бастап, бүгінде бұл салада үлкен тәжірибеге ие маманға айналды.  

– Теміржол саласының кез келген мамандығы әлеуметтік тұрғыда маңызды. Қазіргі уақытта әйелдер теміржол саласында ер азаматтармен қатар үлкен жауапкершілікпен, кәсіби шеберлікпен жұмыс істеуде. Салада әйелдердің рөлі жылдан-жылға артып, теміржолшы мамандығының әлеуметтік және экономикалық маңызды қызметіне жаңа перспективалар қосуда. Әйелдердің осы салада өзді-өздерін көрсете білуі әлеуметтік теңдік пен әйелдердің жұмыс күшіндегі үлесін арттыруға бағытталған үлкен қадам болып табылады. Бүгінгі күні әйелдер теміржол саласында техникалық бағытта да, басқарушылық қызметте де аз емес. Бұл жағдай жұмыстағы гендерлік теңдік пен әйелдердің кәсіби құзыреттерінің мойындалуы дер едім. Ал теміржолшы қоғам үшін үлкен жауапкершілік жүктелген маман болып табылады. Оның ішінде вокзал қызметкерлері барлық жұмысты дәл жоспарлап, технологияларды тиімді қолдана отырып, кез келген төтенше жағдайды басқаруға дайын болуы қажет. Мен өз кәсібімді жақсы көремін және теміржолшы әулеттің жалғасы екенімді мақтан тұтамын, – дейді Эльмира Зарқұмқызы.

Жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге дағдыланған Эльмира отбасында балаларын теміржолшының балалары деген атқа лайық тәрбиелеп отырған тәлімгер ана. Тәрбие жұмысында қосағы Денистің де алар орны ерекше.

Эльмира мен оның жолдасы Денис Хамовтың теміржол саласындағы ұзақ жылғы еңбек жолы бұл саланың шынайы тұлғаларын көрсетеді.  

– Біз жартылай әскери сала саналатын теміржолда еңбек еткендіктен темірдей тәртіпті ұстанамыз, бұл қағиданы отбасында балаларымызға да сіңіргенді артық көрмейміз. Тәртіп бар жерде іс жүреді, жауапкершілік болады. Жұбайыммен бірге жұмыс жасау маған ұнайды, жұмыс кезінде әріптес саналамыз да кез келген қиындық-кедергіден шығу үшін бір-бірімізге риясыз көмектесіп, реті келсе бір-бірімізден үйреніп, бірге тәжірибе жинап, бірге өстік.  Эльмира – отбасында жарым, жұмыста әріптесім. Жалпы, әйелдер теміржол саласында тек күнделікті міндеттерін атқарып қана қоймай, өзін-өзі жетілдіріп, кәсіби тұрғыдан жоғары деңгейге көтерілу мүмкіндігіне де ие. Олар қатаң жұмыс кестесінде, күрделі  жағдайларда жауапкершілікпен, тәртіп пен кәсібилікті сақтап жұмыс істейді. Ол қасиеттерді мен өз жарымның бойынан көрем, – дейді Денис Хамов.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды