Ерекше форматтағы мереке

Аймақтар
13.03.2025, 11:02
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі 8 Наурыз –Халықаралық әйелдер күні ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Теміржолшы ер-азаматтар бұл жолы нәзік жандыларға тосын сый жасап, мерекені ерекше форматта ұйымдастырды.  

Мерекелік шара таңертеңнен басталды, бөлімше басшылары мекемеге қарасты бекеттер мен учаскелердегі қызметкерлерді құттықтап шықты. Бөлімшедегі әрбір цех, пункт, желі және телімдерде еңбек ететін әйелдер қауымына гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді, мерекелік марапаттар тосын сый ретінде ұсынылды. Мекеме ғимараты да ерекше безендіріліп, салтанатты атмосфера қалыптасты. Түске қарай мерекелік жиын бөлімшенің мәжіліс залында жалғасты. Бөлімше басшысы Ербол Сәулебеков нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтап, олардың еңбегін жоғары бағалады.

– Теміржол саласы жауапкершілігі мол, табандылық пен төзімділікті талап ететін сала. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін саланың жұмысы ерлермен бірдей әйелдер қауымынан да темірдей тәртіп, аса жауапкершілікті талап етеді. Саламызда әйелдер қауымының еңбегі ерекше құрметке лайық. Олар отбасы мен жұмысты қатар алып жүрген асыл жандар. Сондықтан оларға айтар алғысымыз шексіз. Сіздерді мақтан тұтамыз! Теміржолшылар үшін отбасындағы тыныштық пен қолдау – ең басты нәрсе. Аналарымыз, қыз-келіншектеріміз әрдайым тіршіліктің тірегі болып, ер азаматтарға демеу көрсетіп келеді. Сол себепті барлық әйелдер қауымын төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!, -деді Ербол Сәулебеков.

Көп жылғы адал еңбегімен ерекшеленген аймақтағы вокзал кезекшілері Гаухар Қадырова, Жанерке Конусбаева, анықтама берушілер Гүлзат Палымбетова, Гүлнұр Аманқұлова, Нұргүл Абибуллаева, технолог Гүлнар Сейткамалова, бөлім басшысы Ләззат Ермұратова, инженер Дана Қойбағаровалар бөлімше директорының марапатын алса, диспетчер Ғалия Манакбаева, бөлім басшысы Зәуре Алматова, Анаргүл Қарымсақова мен Ұлжалғас Арқабаевалар облыс әкімінің алғыс хатын иеленді. Марапат иелеріне бөлімшенің кәсіподақ ұйымы дайындаған бағалы сыйлықтар да тарту етілді.

Марапат жиынында Жанболат Мейірлен мен Әбдісақи Айана теміржолшылардың балалары атынан аналарға арнап өлең оқып, бүлдіршіндердің алғысын жеткізді.

Мерекелік жиында "Қазкөліккәсіп" ҚБ филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов те сөз сөйлеп, теміржол саласындағы әйелдердің рөлін ерекше атап өтті. Ол нәзік жандылардың жұмыс барысында жауапкершілік пен кәсібилік танытып, еңбек ұжымында татулық пен сыйластық орнатуда үлкен үлес қосып жүргеніне тоқталды.

Шара соңында облыстық мәдениет ұжымының өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қызметкерлер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ерекше әсермен тарқасты. Осылайша, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде 8 Наурыз мерекесі жыл сайынғы дәстүрден өзгеше, жылы лебіз бен шынайы құрметке толы шара ретінде есте қалды.  

Сонымен қатар аяулы аналар мерекесінде аймақтағы салалық мекемелердің барлығында салтанатты шара ұйымдастырылып сала үздіктері мен озаттары марапат төріне шығарылып құрметке бөленді. Аймақтағы әр мекемеде ерлер қауымы тарапынан әзірлеген ерекше форматтағы мереке қызылордалық нәзік жанды теміржолшыларға қуаныш сыйлап, оларды шабыттандырары сөзсіз.

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?