Семейде «Сен сұлу» сайысы өтті

Аймақтар
17.03.2025, 09:35
Оқуға 1 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесінде мәдени-рухани бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Биылғы жылы мұндай шаралардың қатары тіптен мол болмақ. Себебі алда Жеңістің 80 жылдығы мен хакім Абайдың 180 жылдығы сынды атаулы күндер тұр.

Жуырда семейлік теміржолшылар 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі мен алдағы келе жатқан Наурыз мейрамына орайластырып ерекше байқау өткізді. Бөлімшеде қызмет ететін қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылған «Сен сұлу» атты сын сайысы барысында қатысушылардың тек сырт сымбаты мен сәнқойлығы ғана емес, өнер-білімі де жан-жақты талқыға түсті.  

Салалық кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған іс-шараға қазылық етушілер назарынан ештеңе тыс қалмады. Қазылар алқасы әсіресе қатысушылардың ұлттық нақыштағы киім үлгілеріне, сахна мәдениетін сақтауларына да мән берді. Кәсіподақ белсенділері әзірлеген викториналық сұрақтарға жауаптары арқылы білімдері сыналса, ән мен жырға, биге кезек келгенде өнерлерін ортаға салды.  

 – Теміржолшылар арасында түрлі өнер иелері, қабілетті қарымды жандар жетерлік. Ең бастысы осындай іс-шаралар арқылы оларға   қолдау жасау ниетіміз әріптестеріміздің арасынан зор қолдау табуда, – дейді Семей НОД-ЖТ кәсіподақ төрайымы Айгүл Берікболова.  

Байқау қортындысы бойынша барлық қатысушылар құрмет грамоталарымен, кәсіподақ ұйымы атынан берілген ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды